Мақтануға тұрарлық Қазақстан тарихы кафедрасы
жеке
блог

Мақтануға тұрарлық Қазақстан тарихы кафедрасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы Отан тарихы бойынша тарихшы мамандарды дайындауда дәстүрлі түрде университеттер арасында жетекші орын алады. Бұл игі дәстүр кезінде т.ғ.д., профессор Бекмахановпен қаланғаны белгілі. Сол кезден бастап Қазақстан тарихы кафедрасы көптеген жетістіктерге жете бастады. 1992 жылдан 1997 жылға дейінгі аралықта Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы болып екіге бөлініп, оны  т.ғ.д., профессор Қ.С.Қаражан басқарды. Кейінгі меңгерушілер болып т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиев, т.ғ.д., профессор Қ.С. Қаражан басқарып, білікті маман, білгір ғалымдарды шығарумен ерекшеленді. Қазіргі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы басқарып келеді. Жылдан жылға кафедраның білім беру бағдарламалары жаңарып, оқытушы профессорлардың білімге, ғылымға қосқан үлестері, жалпы университеттік рейтингтерінің өзі басқа кафедрамен салыстырғанда кем түспейтіні анық. Бір кафедраның өзінен бакалавр мамандарынан бастап магистрант,  доктарант мамандарының жазған дипломдық жұмыстары, диссертацияларының өзі үлкен ғылыми ізденістермен жазылған еңбектердің бірі болып саналады. Оқытушы кандидаттар мен докторлардың атқарып жатқан жұмыстарының ішінде, әлеуметтiк - тәрбиелiк қызметін реттеуде Ғалымқайыр Мұтановтың «Айналанды нұрландыр», «Green Campus» бағдарламалары мен «ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап» акциясы аясында өтетін іс шаралардың шегі жоқ. Ал кафедраның жетістіктері келетін болсақ, ең алдымен Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі ҚР Президентінің «Құрмет» орденімен марапатталған: Кәрібаев Берекет Бақытжанұлын,  «Әл-Фараби» атындағы күміс медалімен марапатталған: Омарбеков Талас Омарбекұлын, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне  80 жыл» мерекелік медалімен марапатталғандар:Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы мен Уразбаева Ақжамал Машрупқызын, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының «Құрмет» грамотасымен марапатталғандар: Сайлан Болат Санабайұлын, Ахметжанова Ажар Тоқсанқызын, Телеуова Эльмира Тешебайқызын, Тасилова Назия Айтбайқызының ерең еңбектерін айтып кетпеу мүмкін емес.
 ҚазҰУ-дың биылғы 85 жылдық мерейтойымыздың өзі алдағы уақытта табысты еңбек етуді талап етуде. Алда кафедрамыздың қойған мақсаттары бар, жоспарлары жасалуда, ерең еңбек етілуде және көптеген нәтижелер күтілуде.


Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің
1 курс магистранты
Берікқызы Нұрсәуле

Ғылыми жетекшісі:
Қазақстан тарихы кафедрасының 
т.ғ.к.,доценті Л.М.Хасанаева