Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қысқартулар бізге қажет пе?

Қысқартулар бізге қажет пе?

Қысқартулар бізге қажет пе?

  Қазіргі таңда белгілі бір қарым-қатынасты жеделдету үшін сөздердің графикалық қысқартылған нұсқалары жиі қолданылады. Кез келген тілде қысқартулар бар және оларды күнделікті тұрмыста жиі қолданамыз. Әсіресе, жастар арасында кеңінен танымал болған әлеуметтік желілерде, смс хат алмасу барысында қысқартулар кеңінен пайдаланылады. Қысқартуларды қолдана отырып, біз уақытты үнемдейміз. Кез келген нәрсені аз уақытта тез түсіндіруге болады. Дегенмен, мектеп мұғалімдері қысқартуларды қолдану өз ана тілін құрметтемеу, жастар қысқартуларды қолдана отырып, әдеби тілден және сауатты жазудан алыстайды деп есептейді. Бір топ британдық ғалымдар арнайы зерттеу барысында осы агент тілін қолданатын мектеп оқушылары арасында сауатты жазудың төмендегендігін байқайды. Сіз қалай ойлайсыз? Қысқартуларды қолданған дұрыс па?

     Салыстырмалы түрде 3 тілдегі жиі қолданылатын қысқартулардың мысалдары: слм – сәлем, «сб – сау бол, қлсң – қалайсың, инет – интернетқ.т – қайырлы түн, нест – не істеп жатырсың?, қшн – қашан, не жнлқ? -  не жаңалық?, сбқ – сабақ, бгн – бүгін, сғт-сағат,рхм - рахмет.

    Орыс тілінде: прив –привет, кадела – как дела? Что дел? – что делаешь? Чел – человек, челы –люди, спс – спасибо, д.р – день рождения, комент – комментарий, нра – нравится, Ата – Алмата.

   Ағылшын тілінде: LOL - Laughing out loud, sry –Sorry, THNX-thanks, CU – see you, HAND – have a nice day, ASAP- as soon as possible, YOYO- you’re on your own, sal – such a laugh, pls – please,etc.

  Онлайн байланыста адресанттың хабарламасын адресат сол мезетте, уақыт күттірмей қабылдай алады. Қысқартулардың өзіне тән ерекшелігі – көп жағдайда дауысты дыбыстардың түсіп қалып, дауыссыздардың қатарласып қысқаруы арқылы қолданылады. Бірақ ауызекі тілде сөздер қысқарған күйде қолданылмайды.  Сіз қандай қысқартуларды жиі қолданасыз?

51
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 03 шілде 2012, 17:22
Тегтер: Каспий Меруерті, массагет.кз, қысқартулар

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.