Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Соңғы хат...

Соңғы хат...

Соңғы хат...

Апау, мен сіз ойлағандай адам болмайтын сияқтымын. . .

Күннен күнге, сағаттан сағатқа ауысқан сайын мен өзімнің дәл бұрынғы “бала кейпімді” жоғалтып жатқанымды ұғамын.

Мен бұрынғыдай емеспін. Әлсізбін. Қызғаншақпын. Жек көремін және адамдарды аяу деген сезімнен жұрдай боп барамын. Кейде өзімнен қорқамын...

Бұрын көз жаспен бәрін шығарып алушы едім. Дәл қазір өзімді ұстаймын деп жауыздықтың, қаттылықтың, қызғаныштың, жек көрудің не екенін үйреніп алған сияқтымын.

Бала кезімде мен ойлаған “мінсіз” адамдардың мінсіздіктен ада екендігін ұққанда бір күні менің де өзімнен осылай жеритін сәт туатынын білгем. Бірақ, ол уақыттың тым ерте туатындығын ойламаппын.

Неге кей адамдардың айналасында тек жақсы адамдар жүреді? Дәл мені қоршағандай. Осыншалықты жақсы адамдардың айналасында өмір сүруге мен қаншалықты лайықтымын?

...деп сұраймын кейде. Әттең, тек бір-бірлеріңді білмейтіндіктерің өкінішті.

Күннен күнге өзіңнің жан дүниеңнің шіріп бара жатқанын ұғу.. . Алғаш рет өмірімде арамза қызғаныш деген сезімді сезінген кезде өзімнен қатты жиіркендім.

Апау, кеше Алматыда жаңбыр жауды. Мен сізге ешнәрсе айтпаймын ғой. Дүкенге бардым. Сосын үйге кіргім келмей далада ұзақ жүрдім. Кешкісін әлеуметтік желіде отырып, адамдардың жаңалықтарын оқыдым, қарадым, тыңдадым.

Апау, мен сағыныш, жақсы көру және мақтан тұту деген сезімдердің не екенін ұмытып бара жатқан сияқтымын. Айтпақшы, бала кезімізде ойнайтын едік қой балалармен, ылғи бір біріміздің жақсы қасиеттеріміздің айтып: маған әрдайым ашық, әрдайым күліп жүреді дейтін. Мен бұл сөздердің жек көретінмін. Өзге қыздар секілді, күлкісі әдемі, өзі әдемі, сұлу дегенді естігім келетін.

Бірақ, бір уақыттары адамдармен араласуды доғарып, өз әлемімен тығылып қалған сәтте, мен сол аталған екі қасиеттен басқа ешнәрсе жоқ екенін ұқтым. Меніңше, оның бәрі менің жан дүниемнің соншалықты құр қуыстығынан секілді. Құрдым. Қара құрдым. Ешнәрсе жоқ. Бірақ, сондай ауыр.

Әрдайым бір адамның жүзіне қараймын да өзімді кінәлі сезінемін. Маған артқан талай үмітінінің ақталусыз қалғанын білемін және маған деген сенімі де жоқ екенін ұғамын. Бірақ, не істерімді білмеймін.

Апау, жақсылыққа жақсылық ет деуші едің ғой. Ал, жаман адамдар қайдан шығады? Қара ниет деген нәрсе қалай туады? Өздерінің бойындағы қара ниетті таныған сәтте адам не істеуі тиіс?

Адам бол! Адамгершілігің мол болсын! Адамның ала жібін аттама! Сана берсін! Барыңмен бөліс! Шүкір ет! Қанағат тұт!

...деп әрдайым жақсылыққа бастайтын жолдарды айтыпсыз.

Бірақ! Неге жақсы адам болып қалудың қиын екенін айтпағансыз?

0
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 09 маусым, 02:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.