Музей түні - Сақ алауы

Музей түні - Сақ алауы
жеке
блог

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

2019 жылдың 14 маусымында сағат 18.00-ден 24.00-ге дейін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дәстүрлі «Музей түні» әрі журналистерге арналған ПРЕСС-ТУР өтеді. «Есік» қорық-музейі дәл осы күні қонақтарды ерекше, «түнгі» форматта қарсы алады. Іс-шара аясында пресс-турға қатысып, әрдайым музей жұмысын насихаттап жүрген журналистер арнайы марапатталатын болады. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, музей басшылары, белгілі археологтар, тарихшылар, ғалымдар қатысады.

Мерекелік бағдарлама көптеген жағымды және танымды ақпараттарды қамтиды:

1. Қорық-музейдің экспозициялық залдарына экскурсия, «Алтын адамның құпиясы» жастарға арналған квест-ойын, балаларға арналған «Тас бетіндегі өнер» атты шығармашылық сабақтар;

2. "АРТ" балалар өнер мектебі – мектеп оқушыларының көрмесі (Есік қаласы), Ұста Дәркембай атындағы қолданбалы өнер музейі шеберлерінің және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Кәкей Қырғауылдың «Өрмек тоқу», сондай-ақ, көзеші Жанболат Нұрданбектің шеберлік сабағы;

3. «Домбыра-пати» – домбырашылардың өнері, заманауи шеберлердің қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, ұлттық ойындар (күрес, арқан тарту, асық ату, ақсүйек алтыбақан, садақ ату), сондай-ақ, балаларға арнайы «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Қазақ елі» мультфильмдері ашық аспан астында көрсетілетін болады.

Шара осы түннің символикалық оқиғасы «Сақ алауын» жағумен аяқталады. Келем деушілерге есігіміз ашық!

 

Іс-шара жөнінде қосымша ақпарат және аккредиттеу үшін:

Тел/факс: 8 (727) 306 91 30, тел.: 8 707 5999055; 8 747 0640785;

e-mail: issyk@inbox.ru, akyn_90@mail.ru

«Есік» қорық-музейінің мекен-жайы: Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Рахат а.о. Өрікті ауылы, Есік-Александровка 6,6 шақырым тас жолы, Құрылыс 2.