Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Менің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдау себебім

Менің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдау себебім

Менің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдау себебім

Бүгінгі күні мамандық таңдау қандай жауапты болса, білім алатын оқу орнын таңдау да соншалықты маңызды. Университетті таңдау – бұл әрбір адам үшін мәнді және күрделі шешім. Өйткені, жарнамасы жер жарғанмен білім сапасы төмен оқу орындары көптеп кездеседі. Мен көптеген университеттерді қарастырдым, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері болды. Нәтижесінде, мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдадым және де осы таңдауыма еш өкінген емеспін. Нағыз білімді тек бұл уақыт сынағынан өткен университінде ғана алуға болатынына сенімді болдым. 

    Дипломды кез келген оқу орнынан алуға болғанымен, білім мен тәжірибені тек бір жерден ғана алуға болады. Сырттай талдау жасағанда, басқаларға қарағанда осы оқу орнының артықшылықтары, жеткен жетістіктері өте көп. Солардың өзімді ерекше қызықтырған бастыларына тоқталар болсам, біріншіден, бұл университеттің 85 жылға жуық тарихы бар. Ол Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау-көзі болып табылады. Екіншіден, еліміздегі ұлттық статусты иеленген университтердің алдыңғы қатарында тұр. Қарап отырсақ, университет әлемнің жүзден аса ірі оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен тұрақты байланыс орнатқан екен. Бұл да ерекше артықшылық. Үшіншіден, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады. Ол – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша бірінші орында, мемлекетіміздің тарихында алғашқы болып Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 220-орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды. Міне, университетімнің бүкіл жетістіктерін айта берсек, уақыт жетпес. 

    Қазақстанның барлық университеттерін мұқият зерттегенде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі ең үздіктердің бірі болып табылады деген қорытындыға келдім. Университетте аса бағалаған нәрселерімнің бірі – оның қонақжайлылығы, кез келген мәселе бойынша көмектесуге дайындығы. Ұжымы әрқашан Университет тарапынан қолдау таба алатыныңа сендіреді. Мен Қазақ Ұлттық университетіне дұрыс таңдау жасадым деп сенімді түрде айта аламын. 

 

Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының

1 курс студенті Бегимова Алсу

Жетекші: Шәріпқазы Нұртәліп

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 21 мамыр, 13:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.