Ғибратты әңгіме

Ғибратты әңгіме
жеке
блог

Мынадай жақсы мысал-әңгіме естідім. Сіздерге де айтып берейін.

Мысалы, Сіз басқа қалаға сапарға бара жатырсыз делік. Танысыңыз Сізге 24 мың теңге ақша береді. Бірақ мынадай талап қояды: "Маған сапарыңнан осы ақшаның 1 мың теңгесіне сыйлық алып келші, қалғанын өз қажетіңе қолдана бер", - дейді. 

Осы жерде дәл Сізге сұрақ: Сіз ол адамның талабын орындайсыз ба? Қанша мыңға сыйлық алып келер едіңіз?

Енді бұл ненің мысалы екенін түсіндірейін. Аллаһ бізге сыйлаған өмірінің әр тәулігінде 24 сағат берді. Оның 23 сағатында не істесең де, өз еркің. "Тек сол тәуліктің 1 сағат (5 уақыт парыз намаз уақытын қосқанда, барлығы 1 сағат шамасы шығады) уақытын Маған құлшылық етуге арна", - деп бұйырған. 

Танысыңның талабын орындамауға ұялсаң, Аллаһтың бұйрығына бей-жай қараудан да ұялу керек.

Аллаһ баршамызға екі дүние бақытын нәсіп етсін, ИншаАЛЛАһ.