"Неміс машинасының" жеңілу себебі

"Неміс машинасының" жеңілу себебі
жеке
блог

Фараның немістер мен итальяндықтар ойынынан кейінгі жазған постына комментпен жауап жазайын деп ем, көкейімдегі ойлар көп екен, сондықтан блог ретінде Фараға жауап бергім келді.

Фара, негізі немістердің жеңілуінің бірнеше себептері бар, солардың бірі сен айтып кеткен "мінез". Бұл бірінші. Негізі оны мінез демей, командалық рух деген дұрыс болар. Ия, немістерде рух жетіспеді. Кезіндегі Маттеус, Майер, Эффенберг, Кан, Баллак сияқты айқын қолбасшы болмады. Ол қызметті Швайни атқару керек еді, бірақ ол осы маусымның екінші жартысынан алған жан жарақаты мен тән жарақатынан әлі айыға қоймаған. Сондықтан осы рөлді алып жүре алмады.

Екінші, команданың жастығы. Құрамында 33 жасар Клозе сынды ардагері болсада, осы турнирдегі ең жас команда дәл осы неміс командасы болды. Көптеген қателіктер, ойын барысында бірін-бірі түсініспей жатқандарыда осы жастықтан болды деп ойлаймын. Әсіресе, Италиямен ойындағы Хуммельс пен Бадштубердің қателері.

Үшінші, "самоуверенность". Неміс ойыншылары өздеріне өздері қатты сеніп кеткен сияқтанды. Бірақ, немістердің қай-қай ойынын алсаңда оншақты моментті құр жіберседе, қарсыласты торуылдап жүріп әйтеуір гол салатын. Бұл жолыда сондай сценарий қайталанады деп ойласа керек, басындағы екі 100 пайыздық моменттен соң өздерінің күштеріне қатты сеніп кетті. Шыныменде, Хуммельс бағыттаған доп егер Пирло штангада болмай Буффоннын "очкосынан" өтіп гол болғанда, немесе Хедира штанганың түбінен допты кіргізе алғанда ойын басқаша өрбитін еді. Бірақ футболда "егер", "сәл ғана" деген терминдердің тек сәттілікке байланысты екенін білеміз.

Сол үшінде, төртінші себеп, сәттілік. Сәттілікке қатысты аргументтің жартысын алдыңғы абзацта жаздым. Қалғанын жазайын. Екінші таймдада фортуна немістерге жақ болмады. Ламның тура қақпа алдынан алыс тоғыздықтан жоғары жібергені де осыған дәлел. Айып соққысын орындаған Ройстың добы Буффон мен қақпа бағанасының арқасында голға айналмады. Егер немістердің бірінші жауап добы ертерек болғанда немістердің ұтып кетуіде әбден мүмкін еді. Айналып келгенде, бәрі осы "егерге" келіп тіреледі. Осы ойынға дейін моменттерін пайдалана алмай келген Балотеллиге екі доптың аяғына, басына сәтті келуі осы сәттіліктің арқасы болса керек.

Бесінші себеп, менің ойымша ең басты себеп, Иоахим Левтің қатесі. Стартовый составты дұрыс таңдамады. Бұл жерде Иоги Левтің қатесінде пункт пунктпен бөліп жазса болады.

5.1. ГОМЕС. Ия, голеадор екені рас, чутьесі керемет, бірақ Гомес еш икемі жоқ ебедейсіз футболист, оған пространство керек. Ал алаңда бос зона қалдырмаған итальяндықтармен нәтиже әкелуі екіталай еді. Екінші таймда шыққан Клозе, ары бері жүгіріп өзіне қорғаушыларды еліктіреді, флангта да өзінің әріптестеріне де көмектеседі.

5.2. ПОДОЛЬСКИЙ. Подольскийдің клубы биылғы маусымда екінші бундеслигаға ұшып кеткен. Қыста бұл футболшыда жарақат алып, сол ұшінде өзінің төл клубын бірінші лигада өрге сүйрей алмады. Керісінше, психологиялық тұрғыда, жанкүйерлердің недовольстволарымен бірге Полдидің бұрынгы ойын өрнегін көрсетуіне кедергі болды. Орнына шыққан жас Марко Ройс алдеқайда жоғары ойын көрсетті.

5.3. ТОНИ КРООС. Бұл футболшыға тағатын көп айыпта жоқ, өйткені Тони осы турнирда бірінші рет алағңа шықты және сразу азулы қарсыласпен. Тони өз клубы Баварияда ешқашан оң қанатта ойнамаған, керісінше Рибериге көмектесіп сол қанаттқа таман немесе орталық алағда ойнаған. Осы позицияда ойнамаған адамды неге шығарғаны маған шынымды айтсам шынымен жұмбақ.

5.4. БАСТИАН ШВАЙНШТАЙГЕР. Бұл футболшы неміс футболының қазіргі бейнесі деп те айтады. Ия онысы рас. Былтырғы маусым басында керремет ойын көрсеткен Швайни, ЧЛ-дағы Наполимен ойында бұғанасын сындырып алды. Содан кейін ақ бұрынғы Швайниді көре алмадық. Жаңа жылдан соң жарақатынан айықан Швайни алаңға шыға салып ұайтадан аяғын жарақаттап алды. Тек көктемге таман айыққан Швайниге ЧЛ финалындағы жеңіліс тіптен ауыр тиіп кетті. Осы турнир барысында да тізе жарақаты сыр бере бастаған еді, 100 пайызға дайын емес футболшыны не үшін алаңға шығарғаныда мен үшін түсініксіз болды. Неміс құрамасы мықты ойыншыларға бай. Сол Швайнидің орнына Кроосты шығарып, Кроос орнына сол баяғы Мюллерді үйреншікті орнына қойғаны әлдеқайда дұрыс шешім болар еді.

Осылайша, 2002 жылдан бері неміс футболына жанкүйерлік етіп, жалықпай бақылап келе жатқан мен үшін бұл жеңіліс ауыр тиді. Мүмкін Лев, басты көзірлерін финалға сақтадыма екен, кім білсін... Егерде финалға Италия емес Германия шыққанда басқаша ойын боларма еді... Мүмкін Жаратқанның қалауы осы болған шығар... Не десекте, 2 жылдан соң неміс машинесі қайтадан өзінің қуатын көрсетеді деп сенемін!