жеке
блог

Мәңгілік сағынышым

Әжетайым! Білемін, сен енді мені естімейсін, бірақ бұл сөздерді саған айтқым келеді! Кішкентай кезімнен өзінің жаныңда өстім, сенің тәрбиенмен еркелігінді көріп өстім. Кішкентай кезімде қонаққа барсан, мені тастамай өзінмен алып жүретін едін. Мені ерекше жақсы көретін едін. "қыздың еркесі, биттін сіркесі" дейтін сөзінді түсінбейтінмін. Неге олай айтады, басқа еркелететін сөз жоқ па екен деп те ойлайтынмын. "Айдашкам" деп сен ғана айтатын едін. Мен ауырып қалғанда әр күн сайын звондап, уайымдап, жағдайымды біліп отыратын едін.

Уақыт өтіп, сенен алысқа кеттім, мен сені шынымен сағынатын едім, әжетайым. Сенің дауысынды естігенде сағыныштан жылайтынмын. Өзім хабарласуға жүрегім дауаламайтын. "Маған неге келмейсін?" деп ренжіпте хабарластын. Әне барамын міне барамын деп, демалыста барамын деп ылғи реті келмей жүрді. Ал сен болсан мені әрбір сенбі, жексенбі күндері күтетінсін. Үйдегілерден "Айдашкам келмеді ме?" деп күнде сұрапсын. Сол сөздерді де естігенде амалымның жоқтығынан, сағынғаннан жылайтынмын. Енді міне барамын, әжеме барамын деп қуаныштан төбем көкке жетіп, сол күндерге асығып жүргенде... Үлгермей қалдым ғой сені құшақтап, еркелеп, иіскеуге. Өкініш өзегімді өртейті. Қолымнан келер еш амалым жоқ. Ойласам болды көзіме еріксіз жас келе береді. Көзімді жұмсам барлығы елестейді. Сенен кешірім сұрағым келеді. Барлығы үшін рахмет айтқым келеді. Әже, мен сені сағындым. Сен менің мәңгілік сағынышымсын...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда