Мерекелік тарту - Jazz Violin

Мерекелік тарту - Jazz Violin
жеке
блог

Л.Бетховен «Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс» деген екен. Расымен, музыка жаныңа қуат беретін, көңіліңді көтеретін барлық халыққа ортақ дүние. Музыкаға өмірін арнаған адамдар, меніңше, бастарына бақ қонған жандар. Сол жандардың бірі – Жамиля Серкебаева. Қашан көрсең көңілді, жайдарлы, жарқын жан. Өзінің өнерімен біздің елде ғана емес, шетелдің де публикасын тамсандырып келеді. Жамиляның музыкасы күш-жігер беретіндей. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Наурыз мерекесіне керемет тарту жасады. Музкафе алаңында өткен мерекелік концертте Жамиля Қазақстанның үздік музыканттары Александр Фишер (ритм-гитара), Рүстем Заитов (бас-гитара), Наиль Галиев (барабан) және Жеңіс Нұрғалимен (фортепиано) бірге Jazz Violin атты жаңа жобасын ұсынды. Жаңа жоба бағдарламасында әлемдік хиттер мен қазақ халық музыкасы орындалды.

Жамиля Серкебаевамен алғаш рет мектепте оқып жүргенде танысып едім. Ол кезде баласың ғой, көп дүниеге аса мән бермейсің. Танымал адаммен суретке түсіп, автограф алғаныңа мәз болғансың ғой. Жылдар өте келе қызметімнің арқасында Серкебаевтар әулетімен жақынырақ таныстым. Жамилядай жанның өнеріне әрдайым қошемет көрсетіп, алғашқылардың бірі болып оның жаңа жобасын тыңдағаныма өте қуаныштымын.