«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы қоғамдық бірлестігі

 «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы қоғамдық бірлестігі
жеке
блог

«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы қоғамдық бірлестігі - ҚР Конституциясы мен ҚР Азаматтық Кодексі негізінде әрекет ететін, адамдардың құқықтары мен қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін құрылған ерікті, тәуелсіз, өкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады. Кәсіподақ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының принциптеріне және осы Жарғыға сәйкес, «Әлеуметтік әріптестік» бағдарламасы аясында университеттің басшылығымен, студенттік ұйымдармен белсенді түрде жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіподақ жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен топтарға материалдық көмек түрінде қолдау көрсетеді.

Материалдық қолдау алған 2017-2018 оқу жылындағы студенттердің жалпы саны 3558 адамды құрады. "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы университет жатақханаларында орындарды орналастыру бойынша комитетке қатысады, университет әкімшілігіне асxанадағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылауға көмектеседі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың факультеттердегі асханаларында студенттерге талондар беру және қоғамдық көлікте студенттер үшін жеңілдігі қарастырылған "Оңай" көліктік карталарын ұсыну жұмысын үйлестіреді. Кәсіподақ белсенділері қажетті құжаттарды жинап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің өмірін жеңілдету үшін ерікті түрде жұмыс жасап, кәсіподақ қолдауымен жыл сайын "Ыстықкөл" жағалауында орналасқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық-сауықтыру лагеріне барады. «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы халықаралық, республикалық және университеттік деңгейлерде жоғары, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырады. Олар: «Жас ұрпақ арқылы жасыл көпір» халықаралық форумы, «Мен жастарға сенемін!» республикалық патриоттық фестивалі, «Сұңқар Кубогы SSP», «Bookworld», "Ең үздік студенттік топ". Атаулы жобаларда студенттер өзін-өзі сынап көріп, өздерінің әлеуетін іске асыра алады, өздерінің интеллектін көрсету үшін өзін-өзі дамытудың бірінші кезеңі студенттер болашағына үлкен мүмкіншілік туғызады. "Сұңқар кубогы" мини футбол турнирі және тимбилдинг студенттерге физикалық қасиеттердің даму деңгейін, дене дайындығының дағдылары мен қабілеттерін , салауатты өмір салтын насихаттауды көрсетеді. Кәсіподақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізілетін студенттік іс - шараларда қолдау көрсетеді. Олар " Рухани жаңғыру " бағдарламалық мақала аясында "100 қадам" халықтық жоспарында, "ҚазҰУ гринкампус", "Айналаңды нұрландыр ", "100 кітап", "Қош келдің, Әз Наурыз ", "Мисс КазНУ ", " Бірінші курс студенттерін қабылдау " кеші, "Ана тілі аруы - Жігіт сұлтаны " және басқа да көптеген студенттік жобалар.

Кәсіподақ міндеттері:
1. ҚР заңдарына сәйкес өзінің мүшелерінің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;
2. Өзінің мүшелерін әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қорғау, жұмыспен қамту, өмір сүру минимумын тағайындау мен оның бақылау, кіріс индексациясы, степендия мен жеңілдіктерін минималды деңгейін жоғарылатуға байланысты жоспарлар мен бағдарламалар жасау оларды әкімшілікке және сәйкес мемлекеттік органдарға ұсыныс ретінде енгізу. 
3. ҚР заңдарына сәйкес білім туралы заң, еңбек туралы заң және өз мүшелеріне қатысты кәсіпорындар заңдарының орындалуын қадағалау және заңды бұзушылық байқалса, оны жоюға талап ету;
4. Білімді тереңдету, кеңейту және жоғарылату мақсатында ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету;
5. Азаматтық пен ұлтаралық бейбітшілікке себеп болу, Қазақстан халықтарының ұлттық салт - дәстүрін дамыту, өнегелі және рухани байлықтарды бекіту; 
6. Республикалық және халықаралық байланыстарды  дамытуға атсалысу;
7. Студенттердің жеке қабілеттері мен интеллектуалы потенциалдарын жүзеге асыруға жағдайлар жасау.