Мақсатым

Мақсатым
жеке
блог

Өмірдегі жасаудан мақсаттарым бар бір талай,

Күннен-күнге сөз түзеп ақын  болып барам-ай

Ақындықпен туған соң дара болып

Шындық айтпай теңселу маған деген ұят-ай.

 

Шындықты мен тіземін терең жіптің бойына,

Екі маман иесі боп қызмет ету ойында.

Дәрігер болып адамдарды аурудан арылтсам

Ақын болып шындықты айту қазірден бар бойымда.

 

Тәрбиелейді ата-анам мені адал істерге,

Ұстаз айтар кітап оқы талаптан деп біздерге.

Ата-анам мен ұстазымның тәрбиесіне жүгініп

Білім алып ізденуді ұсынамын сіздерге.

 

Ақын болу оңай емес,сөз шығару ойыңнан,

Сөз маржанын тізе білу асырып өз бойыңнан.

Осы маржан бағаланбай қала берсе егерде

Ақындықта алыс кетер сенің дара бойыңнан.