Ана тілім-ар-намысым,тірегім

Ана тілім-ар-намысым,тірегім
жеке
блог

Тәңірім тоғыстырған ана тілім

Даналықпен сусындалған дара тілім

Қазақ ұлы болу маған қонған бақ

Қазақ тілі ұлы тіл білетінім.

 

Қазақ дейтін халықпыз рухы басым,

Туған тілім биікке шарықтасын.

Абай,Ахмет,Ыбырай ағаларымыз

Нәзік жырмен тұрғызған тіл мұнарасын.

 

Анаңның ақ сүтімен дарыған ана тіліңді,

Қарт сенген ұрпақ қалайша шұбарлайсың.

Өз еліңде білмесең өз тіліңді

Тік ұстап еш бойыңды жүре алмайсың.

 

Сондықтан елім,білмесең тілді онда үйрен

Тілсіз,намыссыз әрі жүр жаннан сен жирен

Өз еліңнең,тілінен безген жан арсыз

Жан бақытты өз қатесін өзі жөндеп үйренген.

 

Ана тілің-ар-намысың,тірегің

Болашаққа бағытталсын тілегің

Туған тілсіз таңда атпас жайдары,

Қазағыма жарқын күндер тіледім.