Джордж Крымский “Жариялама,материалдарды жазу және редакциялау негіздері”

    Джордж Крымскийдің бұл еңбегі бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі журналистерге арналып жазылған. Сонымен қатар, журналистика атты жауынгер жанрдың ақпарат таратудағы орны, ақпарат таратумен қатар ақпарат шығару көздерін пайдалану жолдарын нақты дәйектермен, дәлелдермен көрсетеді. Және қазіргі қоғамдағы басты түйіткілді мәселе цензураның жоқтығы, яғни тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өкімет басындағы билік өкілдеріне байланысты  шындықты айтқаны, сынағаны үшін “жала жапты, жалған ақпарат таратты,абыройды аяққа таптады”деп сотқа беріліп, газеттер қудалауға ұшырады. 

    Кітаптың басты мақсаты- журналистика саласында бос сөз бен қауесеттер емес, қоғамдағыны айқын көрсету, егер мемлекет адамдарының өмірлеріне немесе жеке басына жақсы ықпалын тигізе алатын болса, шындықты ашып жеткізу.

    Бұл салаға көбінесе “қоғам өміріне белсене араласамын, шындықты ашық түрде көрсетемін”деп емес, атақ пен даңқты алға тартып, газет,журнал беттерінде атым қалсын, ел танысын деп келуі таңсық нәрсе емес. Нағыз журналист атану- өте қиын. Редактордың сынына шыдау, халық көңілінен шығу, материалдың сауатты,әрі нақты фактілермен жазылуы, тіптен өміріне, отбасының өміріне де қауіп төнеді. Демократия институты ретiнде баспасөздiң басты мiндетi —  шындықты айту. Әрине, шындықта айту үшін де батылдық, шыдам болуы шарт. Шындықты айтуға тырысатын газеттi қоғам қолдайды. Бірақ, көп жағдайда билік өкілдері қолдамайды.Бұл журналистика саласының жалпы сипаттамасы.

    АҚШ-тың мамандырылған журналистердiң ерiктi қауымының  (SPJ) әрбiр мүшесi ұсталатын, бiрақ оны орындау мiндеттi емес, әдеп кодексi бар. Бұл кодекс негiзiнен төрт ұстанымнан тұрады: 

1) Оқиғаларды шынайы жариялаңыз.

2) Тəуелсiз әрекет етiңiз.

3) Залалды барынша кемiтiңiз.  

4) Жауапты болыңыз.

Аталмыш төрт ұстаным да журналистика саласындағы ең басты, қажетті принцип. 

   Жаңалық анықтамасы барлық журналисте де бар.Олардың басты мақсаты-  жаңалықты сату емес, редактор көңілінен шығу және “газеттің ең басты бетінен көрініс таба ма?” деген сауал туындайды.Қоғамға қызмет етуге шын берiлген газет өзiнiң әр жаңалық материалына бiрнеше ұстанымдар қолданады. Бұл ұстанымдар кiтапта қысқаша аталып өтiледi:

• Нақтылық. Журналист өзі жазып отырған материалының ұқыптылығына мән беруі тиіс. Ондағы адамның аты-жөнінен бастап, ол туралы деректердің шынайы, әрі нақты берілуі қажет.

• Баланс. Таяқтың екі ұшы болатындай, кез-келген оқиғаның да екі жағы болады. Материалды жазып отырған сәтте оның екі жағын нақтылап айтып, тиісінше халықты түсінікті болуын қадағалау қажет.

• Айқындылық. Газеттегі жаңалық материалы айқын,әрі қысқа болса халыққа өтімділігі артады. Өйткені, жаңалық қысқа- нұсқа берілуі газет аудиториясының кеңеюіне алып келеді.

• Бастыны көрсете білу қабілеті. Журналист үшін материал тақырыбын дұрыс түсіну- дұрыс материал шығуына септігін тигізеді. Маңызды ақпартты маңызсыз ақпараттан ажырату- үлкен міндет.

• Контекст. Контекстке ақпаратты орналастырып, бұл тақырыптың маңыздылығы жəне кешегi күнмен салыстырғанда бүгiн не өзгергендігі туралы журналист түсiндiредi.  

• Қолма- қолдық. Жаңалықтар өте тез ескіреді. Сіздің бүгінгі жазған материалыңыз- ертең тарих болып қалары анық. 

     Репортерлер — бұлар БАҚ əәскерiнiң жаяу жүретiн жауынгерлерi. Олардың мақсаты — жаңа ақпарат жинау және өмiрде болып жатқан оқиғалардың алдыңғы шебiнде жүру. Басқаша айтқанда, олар бар ынтасымен деректердi iздеуi қажет. Журналистер тарихты өз көзiмен көрген, басы-қасында болған адамдар болып саналады. Журналистиканың ең айта кетер белгісі- ақпарат негiзiн байқау, тыңдау және оқу арқылы  ақпарат көзін жинайтындығы. Журналистің ақпараты, мақаласының басты элементтердің бірі. Ақпарат көзін газет бетіне көркем түрде жеткізу үшін цитата, фразеологизм пайдалану халыққа өтімдірек болады.

   Ақпарат көздерiне мұндай айырықша көңiл бөлу —  бұлардың журналистикадағы аса маңызды рөл атқаратындығында жатыр.  

  

 

 

 



Бөлісу: