Алматыда мәдениет өкілдері спорттық жарыста бақ сынамақшы

Алматыда мәдениет өкілдері спорттық жарыста бақ сынамақшы
жеке
блог

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі  85 жылдық мерейтойы аясында  Волейболдан өтетін командалық жарыс ұйымдастыруда.

Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты мәдени ұйымдар арасында «Құрманғазы оркестрі кубогы» үшін өтетін жарыс 16 ақпан, сағат 9.00 басталады.

Іс-шара мақсаты – өнер қызметкерлері арасында  салауатты өмір салтын насихаттап,  бұқаралық спортты дамыту.