Дипломның қазақшасы...

Дипломның қазақшасы...
жеке
блог

Дипломның қазақшасы - мен сатыламын.

Мысалы сен машина сатасың, оны сатқан кезде, оны әбден жарнамалайсың. Жұмысқа тұратын кезде резюме жазасың. Резюмеде өзіңнің жақсы жақтарыңды айтасың. Машина сатылды ғой, сол сияқты сен де өз-өзіңді сатасың. Сен өз-өзіңді жарнамалап, мақтайсың, ешқашан ол жерге кемшілік тұсыңды жазбайсың, жауапкершілігің жоқ болса да, жауапкершілігім жоғары деп жазасың. 

Жұмысқа тұрасың. Одан кейін тағы өз-өзіңді сатасың. Өзіңді сатып ақша табасың.

Вавилондағы ең бай кісінің бірі жұртты жинап, былай сұрақ қойған: -Қайсың біреуге жұмыс жасайсыңдар? Залда отырғандардың тоқсан проценті біреуге жұмыс жасайтын болып шыққан (Олар біреудің қол астында жұмыс істейтін). Тек он пайызы өз-өздеріне жұмыс жасайтын болған (Өз-өздеріне бастық) Сонда ол:- Сендердің тоқсан процентің екі қол, екі көз, екі аяқтарыңды құрбан қылып, жұмысқа денсаулықтарыңды сатасыңдар, -депті.