Португалия жеңілген жоқ...

Португалия жеңілген жоқ...
жеке
блог

Иә, Португалия құрамасы шешуші сында сүрініп, өкініш өртеп кетті өзегімді. Қуанып һәм қобалжып күттім кешегі ойынды. Осы команда үшін футбол сүйер "көріпкелдермен" қырық пышақ болып қырқысып, азулы Испандықтарға финалға жол беретінін іштей сезсем де, "жеңу керек" деп тіледім. Топтық кезеңде немістермен ойынға шыққанда әлсіздік танытып, есе жібергені бар. Ал, Дания, Нидерланды, Чехия құрамаларымен тартысқа түскенде тайсалмады. Дегенмен, барлық ойындары қарқынды шабуылмен, жойқын соққылармен өрбімеді. Сол үшін кешегі ойынды уайымдадым. Бірақ, кешегі ойында аты аңызға айналар Криштиану Роналду бастаған португалдықтар үздік ойын көрсете білді. Шабуылда да, қорғаныста да жолдары болғанмен, сәттілік жетіспеді-ау. Команда капитаны бірнеше рет қақпаға соққы бағыттап,  3 мәрте айып соққысын орындағанда да мүлт кетті. Бұрыштама добын да өте көп орындады бұл құрама. "Сары қағазды" да алудай-ақ алды. 120 минутқа созылған ойында атағы жер жаратын екі  команда да жан алысып, жан берісті. Ойын барысында құйындай ұшып, доп ала жөнелгенде Криштиану қайта-қайта құлап, шабуылы алға баспады. Әлемнің үздік ойыншысының гол соғуы міндет сияқты болып көрінеді, бар ойында. Гол соқпай қалса, оның атағына нұқсан келмесе екен деймін. Криштиану - бұл чемпионатта 3 голдың авторы атанды. Осылайша,  "Үздік ойыншы" болып қала береді. Олар жеңілген жоқ. Үздіктер үздік ойын көрсетті. Үкілі үмітті қиыс доп қана қиып қетті. "Криштиану Роналдуға қарсы ойын" деп бағалаған мүйізі қарағайдай испандықтар діттеген жерлеріне жетті. Ендеше, Криштиану Роналдудың командасына саулық айтып, Испандықтарға сәттілік тілейміз! Әлемді дүрліктіретін доп додасында неміс мәшинелерімен таласады деп ойлаймын жаңа атаққа. Бірақ, немістерді жақтаймын).

П.С. бүгінгі ойында немістер жеңеді деп сенемін, Талдықорғандық көріпкел ешкінің таңдауы да солай).