Каомодзи - шығыс смайлдары

Каомодзи  - шығыс смайлдары
жеке
блог

1982 жылдың 19-қыркүйегінде дүниеге келген алғашқы смайлдарға биыл тура 30 жыл толады екен. Оларды қолдануды ұсынған ғалым Скотт Фалман болатын. Бұл есім Common Lisp тілінен хабары бар бауырларыма таныс болар. Жақшаларды сұмдық көп керек ететін Lisp тілінің бір диалектісін жасап шығарған Скотт ағамыз смайлдарында да жақшаны қолданғаны мені ешбір таңдандырмай :-) Ал кейбір қарындастарымның сөйлем соңына шұбыртып жиырма-отыз жақшаны тізіп қоятын әдеттері да сол Lisp-тің астыртын әсерінен болар-ау деп өзімді өзім жұбатам)))))))))))))))))))

Бүгінде баршамыз орынды да орынсыз қолданатын смайлдардың тарихы мына бір хаттан басталыпты:

 

19-Sep-82 11:44 Scott E Fahlman :-)

From: Scott E Fahlman <Fahlman at Cmu-20c>

 

I propose that the following character sequence for joke markers:

:-)

Read it sideways. Actually, it is probably more economical to mark things that are NOT jokes, given current trends. For this, use

:-(

 

Еркін түрде аударсақ: "Әзіл жазбаларды ажырату үшін :-) белгісін қолдануды ұсынамын. Қырынан оқылады. Ал кейінгі кездегі экономикалық жағдай әзілге орын қалдырмай отырғандықтан мынандайды қолданыңыз :-( ".

 Есебін осы екеуінен бастаған смайлдар саны қазіргі күнде жүзден асыпты. Әрине, олардың бәрін бірдей пайдалана бермейміз. Бірақ смайл қойылмаған жазбаларымыз жоқтың қасы десем қателеспеспін. Ресми құжаттар ғана амалсыздан жет қалып отыр. Смайлдардың эмоциялық балдақ екенін түсінсек те, оларды пайдаланудан бас тарта қоюымыз екіталай.

Басын қисайтып ыржиятын американ немесе басқаша айтқанда батыс смайлдары бәрімізге таныс. Ал басын тік ұстап, жүзіңе тура қарап жымиятын жапон немесе шығыс смайлдарын  талайы біле бермейді. Ал біз еуразиялықтар болғандықтан шығыс смайлдарын да білгеніміз жөн^_~ Төменде сол смайлдарының ("смайл" емес, "каомодзи" деген дәлірек болар) кестесін жасап қойдым. Аздау болып қалды, бірақ негізгілерінің бәрін қамтыған сияқтымын. Кестеден батыс смайлдары ауызға, ал шығыс смайлдары көзге негізделгендігі бірден байқалады.

 

(^_^)

Жымиып күлу, қуану

(^.^)

Қыз баланың сыпайы күлуі

(^_^;)

(^_^’)

Ыңғайсыз жағдайға түскендегі күлкі (маңдайы терлеп кетті); не дерін білмей қалу

(^o^)

Қарқылдап күлу

(^____^)

Езуі құлағына жетті

(^_~)

(^_-)

Көзін қысу

(;_;)

Жылау

(T_T)

Көзімнен жас тоқтамай ағады

(>_<)

(>.<)

Қорқу; ызалану; бір жерінің ауырып тұруы

(#^_^#)

(*^_^*)

Ұялу;  ұяла күлу; «Қап, ұят болды-ау...»

(*_*)

Ғашық болу; «Мынау керемет қой!»

(^L^)

(^(^)

Бақыт, сәттілік (L – lucky болса керек)

(-_-)

Ызаны білдірмей тұру; уайым

(о_о)

Таңғалу

(O_O)

Қатты таңғалу

(о_О)

Таңғалғаны соншалық беті-аузы қисайып кетті

(V_v)

Жаман нәрсеге таңғалу

(v_v)

Уайым, қайғы

(^-^)b

«Солай ғой?»  (сұқ саусағын көтеріп); «Келісесің ғой?»

(@_@)

Бас айналу

(¬_¬)

«Е, солай ма...» (күмәнмен немесе мысқылдап)

($_$)

Ашкөздік

(^_^)V

«Жеңіс!», «Victory!»

p(^_^)q

Қолдау (қолында жалаушалар)

W(`0`)W

Ызалана айқайлау; зеку

(^_^?)

«Ұқпадым»; «Ұқтыңыз ба?»

(^_^)/

Сәлем!

(;_;)/

Қош бол!

(^o^)/

«Рахмет!»

m(_)m

«Таудай рахмет!»; «Өтінемін!» (маңдайын жерге тигізіп)

m(._.)m

Тізерлеп отырып кешірім сұрау

\(^_^)/

Қуаныш

\(^o^)/

«Алақай!»

!(^^)!

«Таптым!», «Эврика!»

(?_?)

Түсінбеу; сұрақ

(^o^;>

«Кешір, түсінбедім» (желкесін қасып тұр)

(-_-;)

Науқастану (әтетте, суық тигізіп алғандағы)

(+_+)

Өлім

(%_%)

Түнімен компьютерде отырғанан соң

(=_=)

Ұйқылы-ояу; түнімен көз ілмеу

^}{^

Махаббат, сүйісу

(-.-)zzz

(u_u)

Ұйқы

(* ^)3(*^^*)

Беттен сүю

\=o-o=/

Көзәйнек тағу

(=^.^=)

Мысық; «Мен сұлумын ба?»

(+.+)(-.-)(_ _)

Шаршап құлау

{{ (>_<) }}

Тоңу, жауырау

( ^_^)(^_^ )

Достар

(>_< )( >_<)

«Жоқ, жоқ!» (бас шайқау)

(-_(-_(-_-)_-)

Топ; «Біз көппіз!»

((((((^_^;)

Ешкімге білдіртпей тайып отыру

\(^o\)(/o^)/

Би билеу

d(^_^)b

Музыка тыңдау