Журнал-торт та болады екен!

Журнал-торт та болады екен!
жеке
блог

Бүгін бізді журналистер күнімен әріптестеріміз, 31-телеарна ұжымы құттықтады. Таңертеңмен редакцияға торт көтеріп келген қызға басында ешқайсымыз мән бермеген едік. Бейтаныс қыз кетіп қалған соң, тортты ашып көрмейміз бе? Өз көзімізге өзіміз сенбедік. Торттан журналды, журналдан тортты көрдік. Ерекше торт екен.

         Бұрын мерекелік тәттіге түрлі бейнелердің салынатынын көргенімізбен, адамның түрін айнытпай шығаратын тортты барлығымыздың алғаш көруіміз екен.

         Достар, өз жақындарыңызға мерекесінде немесе туған күнінде көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш сыйлағыңыз келсе, осындай торттарды сыйласаңыздар болады екен!

         Ал әріптестерімді, журналистер қауымын кеш те болса, мерекелерімен құттықтаймын!