Сабыр Алаш "Тау-ару"

Сабыр Алаш "Тау-ару"
жеке
блог

Тау-ару

 

- Демек, ақын болдыңыз ғой?!

- Жоқ, тек өлең жазғанды ұнатамын...

(Әдемі көздерін қатты ашып, үрке қарады.

Сенбей тұрғаны анық еді). Алмас АЛТАЙ

 

Көзіңнің қарашығы ем,

Кеттім бе, кім біледі,

Сезімнің наласымен,

Кекшілдеу мұң жүреді...

 

Талықсып кеткендей бір,

Сергелдең басқа күнә!

Өміршең өкпең кейбір,

Өзгертіп тастады ма?

 

Сезімім тапталып бар,

Бөтенсіп сен де жүрсің,

Көзімді көкке алып бар,

Қалғаны көрге кірсін!

 

Бір өзін алдап үміт,

Қайғысы құлжа салмақ,

Жалынып, жалбарынып,

Жүрегім жүр жасаурап...

 

Шіредей қатқан шері,

Рухымен тілдеседі ол,

«Сайтанға сатқам сені,

Әзірге күн кеше гөр...»

 

Кіл айна, өзен кейпі,

Бақсыға бұйырғандай,

Бәріне төзем дейтін,

Сөз айту қиын қандай!

 

Сен мені ұмыт енді,

Басыңа қына жастан,

Үзімдей үміт өлді

Өзімнен сұрамастан...

Сабыр Алаш