ЖАҢА ӨНДІРІСТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
жеке
блог

ЖАҢА ӨНДІРІСТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Алматы облысында жаңа өндірістік-логистикалық орталық өз жұмысын бастады. Кеше Қапшағай қаласындағы «Арна» индустриалдық аймағында «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» өндірістік-логистикалық орталығы ашылуының салтанатты рәсімі болып өтті. «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» қызметкерлерімен телекөпір аясында өндірістік желілерді  Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев іске қосты.

Жаңа орталықтың жобалық қуаты жылына 82 мың тонна: тез даярланатын кеспе – жылына 40 000 тонна, дәстүрлі макарон өнімдері – жылына 28 000 тонна, үгілмелі сорпалар, дәмдеуіштер – жылына 14 000 тонна, жылына 400 млн бірліктен астам дайын өнім.

Жаңа өндірістік-логистикалық орталықта қазіргі кезде 370 адамнан астам жұмыс істейді, олардың басым бөлігін (90%) Қазақстан азаматтары құрайды. Болашақта 500 адамға дейін арттыру жоспарда бар. Зауыттың «Роллтон» брендімен құрғақ сорпа мен кеспелерді шығару бойынша үш өндірістік желісі осы жылдың бірінші және екінші тоқсанында іске қосылды, ал дәстүрлі макарон өнімдерінің желілерін іске қосу салтанатты ашылу рәсімі барысында орындалды.

Mareven Food Holdings Ltd. Директорлар кеңесінің мүшесі До Суан Хоанг: «Біз жергілікті агроөндірушілерге қолдау көрсетеміз, себебі макарон өнімдерін өндіру үшін керемет сапалы қазақстандық бидайды сатып аламыз. Сонымен қатар, біз аймақтың сауда-логистикалық базасын дамытып жатырмыз»

Зауыттың «Роллтон» брендімен құрғақ сорпа мен кеспелерді шығару бойынша үш өндірістік желісі осы жылдың бірінші және екінші тоқсанында іске қосылды, ал дәстүрлі макарон өнімдерінің желілерін іске қосу салтанатты ашылу рәсімі барысында орындалды. Ашылу салтанатына шақырылған БАҚ өкілдері орталықтың қызметімен жақынырақ танысып, өнімдердің қалай дайындалатынын бақылай алды.

«МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» — «Роллтон», BIGBON және Mareven Professional Food сияқты танымал брендтердің азық-түлік өнімдерін жасақтау, өндіру және өткізуге бағытталған Mareven Food Holdings Ltd. трансұлттық холдингінің инвестициялық жобасы. «Маревен Фуд Тянь-Шань» ауқымды жобасы қысқа мерзімде орындалды: инвестициялық келісім жасаудан осы жылдың маусымындағы жаппай өндірістің іске қосылуына дейін бір жыл ғана қажет болды. Инвестициялық жобаның табысты іске асырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Алматы облысының әкімдігі, Қапшағай қ. әкімдігі және «Қазақ Инвест» ҰК АҚ белсенді қолдауының арқасында мүмкін болып отыр.