Қазақ жастары арасында ойналған дәстүрлі  ойындар
жеке
блог

Қазақ жастары арасында ойналған дәстүрлі ойындар

Қазақтар арасында қыз ұзату мен үйлену тойларыбірнеше күнге созылып, бәйге, көкпар, қыз қуу, күрес, алтын қабақ ату, т.б. ойындармен жалғасты. Осыған орай қазақтар арасында «отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізді» теңеу сөз қалыптасқан. 

Қазақ халқының тойлары ойынсыз өтпеген. Ойын-той сөз тіркесінің бірге айтылуы да осыны дәлелдейді. 

Қыз ұзату тойының алғашқы күні «отау жабар»деп аталады. Қыздар жігіттерге моншақ, орамал, ал жігіттер, теңге, сақина, т.б. сыйлықтар берген. Ұрын келу, қызқашар рәсімдері барысында тобық жасыру (асық жасыру) ойындары да жүргізілген. Яғни жігіт өзінің сөзі жарасқан, көңілі түскен қызына немесе қыздың жеңгесіне қойдың тобығын берген. 

Неке қию күні күндіз өткізілетін ат ойындарының бірі мүше тарту. Оған сауық құрғысы келген, атын аямайтын кез келген адам қатыса алады. Ертеректе қыздар да қатысқан. Салт аттының бірі ақша түйілген шыт орамалды алып, шаба жөнеледі, оның артынан мүшені алмақ болып, басқалары шаба жөнеледі. Орамал қолдан қолға өтіп, сал аттылар шаршағанша жалғасады. 

Қыз ұзату, үйлену тойының екінші күнінен бастап күндіз көкпаркөкбөрі, т.б. ат ойындары өткізілген, қырғыз халқында да қыз әкесі “бәйге”, “көкбөрі” тартқызған.

«Күміс алу» ойыны да ептілікті талап еткен, ол үшін ат үстігіндегі жігіт қатты жылдамдықпен шауып келе жатып, күміс теңге түйілген шүберекті жерден алып үлгіру керек, егер алса теңгені ойынға қатысушы олжалайды.

Қыз ұзату тойында орындалған ритуалдық ойындардың бірі үй мүшелеу. Бұл ойын неке қию рәсіміне дейін, әдетте бәйгеден соң болады. Бәйгеге қатысушылар ұятқа қалмас үшін ең жүйрік деген атарын алып келеді. Үйді қоршалап, отау үйдің сыртқы киізін жұлып алмақ болады. Оларды қолдарына таяқ ұстаған қалыңдықтың жеңгелері күтіп алады. Қалыңдық жеңгелері таяқтарымен сабалап, киіз үйді қорғайды. Атты жігіттер жеңгелерден таяқ жегеніне қарамастан, киіз үйдің жабдықтарын жұлмалауға ұмтыла береді. Ауыл жігіттері күйеу жігіт достарынан, жеңгелерден сыйлық алмайынша үй мүшелеуді жалғастыра береді.

Қызқашар рәсімінде орындалатын ау-жар, аушадияр әндері де қолданыстан шығып қалды. Қазіргі таңда аушадияр әнінің мәтінін Қытай қазақтары сақтап жеткізген. Кеңестік дәуірдің заңында қалың мал алуды қызды сату деп қарап, қызын ұзатқан қазақты қудалап, жауапқа тартқан. Осылайша жастар алып қашып кетіп үйленген. Қазіргі таңда  "Ұлттық құндылықтар" жобасы аясында Ішкі саясат басқармасымен қазақы қалыпты қалыптастыру үшін ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында,түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр.

 

"Ұлттық құндылық" жобасы аясында

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы тапсырысымен 

"Педагогикалық ғылымдар академиясы" ҚБ