Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Азаматтық некеге тұру дұрыс па???

Азаматтық некеге тұру дұрыс па???

Азаматтық некеге тұру дұрыс па???

Кейінгі жылдары қоғам ішінде қызу пікірталасқа түсіп жүрген «азаматтық неке» мәселесін жақтаушылардың асығы алшысынан түсіп тұрғаны рас. Өйткені, бұрын тек кинодан көретін және көбінесе басқа ұлт өкілдері арасында болатын азаматтық неке бойынша өмір сүру құбылысынан бүгінде өзіміздің қарадомалақтар да айналып өтіп жатқан жоқ. Заң жүзінде мүлдем қарастырылмаған азаматтық некені халық арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атайды. Бұл сөздердің астарынан «ойнастық», «ашыналық» ұғымдарын көру қиын емес. Ислам да, өзге діндер де тыйым салған бұл құбылыс жер қайысқан жаһандастыру толқынымен «жабайы батыстан» келген еді.

Әңгімемізге арқау болған “азаматтық неке” – дiни некенi мойындамайды, мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының “Неке және Отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны “бейресми некелесу” деп қана атайды.

Қазақтың діліне де, дініне де жат «азаматтық неке» жағдайында қаншама қандас бауырларымыздың өмір сүріп жатқанын дөп басып айту мүмкін емес шығар. Оның бәрін ресми санаған ешкім жоқ. Дегенмен, жастар арасында «азаматтық некеге» деген «оң» көзқарастың туындап келе жатқаны айдан анық. Мұның сыры болмысымызға тән жылтырағанға қызығушылықта жатыр деп топшылауға болады. Қазақ қоғамында батысқа деген елеңдеушілік, «дамыған» өркениетке талпынушылық бар. Ал тіпті еркек пен еркектің қосылуына, әйел мен әйелдің заңды неке құруына «жасыл шам» жағып отырған «жабайы батыс» үшін азаматтық неке дегенің не болыпты? Бүгінде соның әсерінен бе Ресей телеарналарының көбі бұл некені тек жақсы етіп қана насихаттауға құмар-ақ.

«Азаматтық неке» құбылысының қоғамға демографиялық, рухани және басқа да  зардаптары жайында еліміздегі белгілі тұлғалар аузынан айтылып, бірқатар жетекші басылымдар тарапынан жазылып та келеді. Мамандардың есептеуінше, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірінмен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірінің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайыпты атанатын көрінеді. Еліміздегі Дағдарыс орталықтары одағының мәліметіне сүйенсек, онда жыл сайын «азаматтық некеге» тұрып, алданып қалған 15-20 әйел көмек сұрап келеді екен. Оның үстіне, бүгінгі таңда кәмелетке толмаған балалардың 22 пайызы некесіз туған деген дерек бар. Мұның бәрі еліміздің демографиялық жағдайына оразан зор кесірін тигізері айдан анық.

Бір-бірімен тек ашыналық қатынаста болуды көздеген немесе жұмыс карьерасын ғана ойлап, бала табуды кейінге ысырған жастар көбіне «азаматтық некеге» тұруды құп көреді. Өйткені, бұл кез келген уақытта қосылып, кез келген сәтте айырыла салатын ең «оңай» неке екені рас.

үние жүзінде мұндай адамзат санасын улайтын жалған пікірдің нәтижесінен миллиондаған адамдар азап шегуде. Оның салдарынан мыңдаған отбасы бұзылып, қаншама балалар тірі жетімге айналуда. Жезөкшелік пен азғындық көбейіп, СПИД секілді қауіп төндірген, қисапсыз бәлекет алып келген әртүрлі аурулар пайда болуда. Сондықтан, кейбір елдер секілді еліміздің БАҚ-ы некесіз, отбасынсыз өмір сүруді уағыздайтын тақырыптарға жол бермеуі тиіс. Өкінішке орай қазіргі таңда ата дініміз бен ділімізге мүлдем қайшы келетін бейне клиптер мен кинолардан аяқ алып жүре алмайсыз. Қолдан жасалған мұндай азғындықты қайта түзету басқалар сияқты миллиондап қаржыны ысырап етумен қатар өмірден өз бармағымызды тістеп өтеріміз хақ.

 


22383 43
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 26 маусым 2012, 20:24
Пікірлер
+0
26 маусым 2012, 17:33

Дұрыс емееееес!!!! :x

+0
26 маусым 2012, 17:54

Статистика бойынша еліміздегі жұптардың жартысы (!!!!!!!) некеде бір жыл бірге тұрып, ажырасуға арыз береді екен. (Бұл Ахаж-да тіркелгендер). Мәселе азаматтық некеде емес, санада, тәрбиеде...

+0
26 маусым 2012, 18:13

мен азаматтық некеден басқа некеде тұра алмаймын)

+0
26 маусым 2012, 19:04

қай некеде тұрса да көңіл жарасса болды емес пе

+0
27 маусым 2012, 08:25

Онда екеуміз жарассақ тұрайық АЗАМАТТЫҚ некеге :twisted:

+0
27 маусым 2012, 10:36

жараспай тұрмыз ғой сол :)

+0
27 маусым 2012, 11:47

Мені ұнататыныңа сенімдімін :ugeek:

+0
27 маусым 2012, 11:50

хахахааха )

+0
27 маусым 2012, 10:19

arine, kelisemin :) konil jarassa boldy goi, birak ol konil kai uakytka dein jarasady, erteni ne bolady, balalar ne bolady, odan kalsa, ayak asty jarynan aiyrylyp kalsa kalai bolady dep oilamaityn kyzdarga tan kalam. Kukuktyk memlekette turyp jatyp, oz kukygyndy ozin wekteu degen ujas emes pe?

+0
26 маусым 2012, 19:14

Әр адам өмірді идеал көреді ғой. Ал бірақ бәріне өмір бірдей емес. Өйткені, адам тағдыры, адамдардың мінезі, отбасы, бәрі әрқилы. Өз жартыңды таптың да үйлене салуға қаражатың, бар мүмкіндігің болып жатса үйленіп, бақытты болып кеттің. Ал олай болмаса ше? Ажырасасың, ал кейін қателеспеуді ойлап, қызды сынағың келеді. Жалпы бәрі оңай болса, мұндай мәселелер де туындамас еді. Әр адам өз өміріне жауапты. Өз қателігі үшін өзі жауап береді. Ештеңені бұрыс, не дұрыс дей алмаймын.

+0
26 маусым 2012, 21:28

ҚР неке және отбасы туралы заңында "азаматтық неке" түсінігі жоқ, жалпы некеге тұру дегеннің өзі белгілі бір құқықтар мен міндеттерді тудыратын, мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға негіз салатын заңда белгіленген тәртіпке сай ер азамат пен әйел азматтың одағы. Осыдан келіп шығады, азаматтық неке термині қате. Ол неке емес, ол "сожительство" (бірге тұру). Мұндай қарым қатынас түрі еш бір жаққа заңды түрде құқық пен міндет жүктей алмайды. Сол себеп қарсымын. Некеге тұру жауапкершіліктің көбеюі, болашақ балалардың құқықтарын қорғау. Жалпы, бірге тұру кезінде пайда болған сәбилердің құқықтарын қорғауға болады, әке екенін дәлелдеп,қажетті қамқорлық (материалдық немесе моральдық) талап етуге болады, бірақ заңды некеде туылған балалардың құқықтарындай болмайды. Қыздар, ойланыңыздар)))))

+0
27 маусым 2012, 00:20

Мейіргүл дұрыс айтады......))

+0
27 маусым 2012, 00:42

әскери некеге тұрмасам...)))

+0
27 маусым 2012, 08:41

Қарсымын

+0
27 маусым 2012, 10:08

Қолдаймын! :ugeek:

+0
27 маусым 2012, 10:36

не ғой, гірәждәнски бірәк деген бар ғо, шамалы уақыт бірге тұрвп, саналы түрде кейін әфисәльныйі неке құрған дұрыс сияқты

+0
27 маусым 2012, 11:30

Адам өмірі ойыншық емес, зат емес қой.Тест драйв жасап болған соң ғана көлікті сатып алған секілді, тұрып көрейік, мүмкін жарасармыз деген әңгіме қызға болсын, жігітке болсын намысына тиетін сөздер деп ойлаймын. Жауапкершіліктен қашатындар ғана осылай жасайтын секілді.

+0
27 маусым 2012, 11:38

Уау мен жауапкершіліктен қашып тұрмын ба? әлде біреуге азаматтық неке құрайық деп ұсыныс жасадым ба? и Ваше жеке бас бұндай жағдайға түскенде, мүлдем басқа шешім қабылдауы мүмкін

+0
27 маусым 2012, 11:40

иии, не деген адамсың))))) мен саған вот сен, Қайреке, ұятсызсың дедім бе, пікіріңе пікір жаздым в ответ, только и всего. Жеке басқа салмасын деп тілейік Құдайдан онда))))

+0
27 маусым 2012, 11:42

Жәй қызық болсын деп сенімен салғыласқым кеп тұр да)))) :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
27 маусым 2012, 11:46

менімен салғыласу үшін жүйкең мықты болу керек, менікі секілді)))) Мұзбалақ ұқсап көрінгенге кетіре бермей)))))

+0
27 маусым 2012, 11:49

Менің жүйкем мықты, дуэльге шақырамын :mrgreen:

+0
27 маусым 2012, 11:52

баста))))

+0
27 маусым 2012, 12:52

Сонда сіз қандай некені қолдайсыз? :o

+0
27 маусым 2012, 12:56

БАСТА - это Итальянское слово, означает- всё,хватит. :lol: :lol:

+0
27 маусым 2012, 15:30

бастА - это казахское слово, означает - басты көп қатырмай, начинай давай))

+0
27 маусым 2012, 16:09

:lol: :lol:

+0
27 маусым 2012, 12:12

Неке суын ішпейінше, молда некені қимайынша бірге тұрмақ түгілі сүйісуге болмайды!!!

+0
27 маусым 2012, 12:27

ух пікіріміз бір жерден шықты ау ;)

+0
27 маусым 2012, 12:27

қоймай салғыласа беретін едіңіз

+0
27 маусым 2012, 12:28

қоймай салғыласа беретін едіңіз

+0
27 маусым 2012, 12:45

молда некесін он рет кессе де, біздің елде ол заң емес, некеге тұрды деп есептелінбейді. Некеге заңды түрду тұру үшін АХАЖға арыз жазып, тіркеуден өту керек, тек сол мезеттен бастап қана неке заңды болып саналады. Мешітте некемізді қидық, сол жетеді дейтін жігіттерден аулақ болыңыздар, қыздар.

+0
27 маусым 2012, 12:49

Бірінші заңды, сосын мешіттегі неке, сосын барып төсек емес пе? :ugeek:

+0
27 маусым 2012, 12:50

Мен имандылық тұрғысынан айтыватырм!!! Иманыңдарыңды құм басқан сендердің!!!

+0
27 маусым 2012, 12:50

келісееем :!:

+0
27 маусым 2012, 12:53

Менің иманымда ешкімнің жұмысы болмасын. Имандылық тұрғысынан дұрыс болғанымен, алданған қыздардың көптігі мешітте ғана неке киюдың зардабын көрсетіп отыр. Екінші жұбай алып, біріншісін алдап, екіншісін алдап, мәз өмір сүріп жүрген сұмырайлардың кесірінен қоғамда Исламға деген көзқарас теріс. Осыны болдырмау үшін заңды некені ғана дұрыс санау керек немесе мешітте қиылған некеге заңды статусын беру керек.

+0
27 маусым 2012, 12:57

сізді жақсы көре бастадым :D

+0
27 маусым 2012, 15:56

mumkin baska elge duris ta wigar ...oz basim mundaidi kabildai almaidi ekem....kim biler kazir ewkimge ewnarsege senim jok...azamattyk nekedemin dep sengen adaminmen kein birge bolmauin da mumkin al bul...kein okiniwti jagdai tudirui mumkin

+0
27 маусым 2012, 16:16

ой, қандай өкінішіті :cry:

+0
27 маусым 2012, 20:45

Неке қию үшін мешітке арнайы барып керек емес секілді. Өйткені шамнаннан ұрттаған ашық-шашық құдашалар адамдар құлшылық үшін кіретін мешітке бірге кіріп бара жатады. Молда үйге шақыртып немесе АХАЖға шақыртып неке қию керек секілді.

+0
28 маусым 2012, 15:23

Жазбаны біреу оқыды ма екен? )))

+0
07 шілде 2012, 15:55

Неке шарият жолымен қиылу керек,АХАЖ-дың берген қағазы неке болмайды. Ал жұбайлар ара қатынасы мүлдем басқа әңгіме,бұл жерде адамгершілік керек сияқты. Біздің бұрынғы ата-бабаларымыздың еш бірі де АХАЖ-дан қағаз алу арқылы некеге тұрған емес, сол кездерде ажырасу деген болмаған. АХАЖ куәлігімен неке қағазы арқылы одақ құру деген ол келешекте түрлі келеңсіздіктерден өзін-өзі сақтандыру деген, демек өзін-өзі сақтандыру бір-біріне деген шынайы "өлсем сенімен көрім бір болсын"-деген сенімнің,махаббаттың жоқ, екенінің көрсеткіші. Бұл есеппен жұбайлық одақ құрудың анық өзі. Сондықтан да бірінші некені шарият жолымен қидыру керек,одан соң барып дүние бөліс көкейіңді тесіп тұрса АХАЖ-дың куәлігін ала бер,ертең ажырасып жатсаң сотта керек болады.Ал шарият жолымен ақ адал некесін қидырып, АХАЖ-дың қағазынсыз-ақ бала өсіріп жатқандарды кінәлаудың керегі болмас. Ал шарият жолымен неке қидырмай,тек қана АХАЖ- куәлігімен ақ некедемін дегендер өте қателеседі,олар адасушылар. Енді шарият жолымен де, Ахаж куәлігінсіз де қосылып,мен Азаматтық некедемін деушілар күнаһарлар,зинқорлар. Осыдан сақ болыңдар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев