Бұл жетімхана....

Бұл жетімхана....
жеке
блог
  • Бүгінгі демалысымды пайдаланып өзім кептен естіп жүрген бір орынға барғым келді..!! Алдымен не естігеніме тоқталайын:

    Тек қыздарды қабылдайтын діни орын жөнінде естіген едім..!! 
    Барлығы орамалда жүреді, қыз баланы жастайынан ислами əдепке баулиды делінгесін мекен жайын толық сұрап алған едім. 
    Өйткені қыз өсіріп отырған ата-ана мені түсінеді деп ойлаймын. 
    Көрші қыздарман ойнағанның өзінде бір əдетін жұқтырып келетіні белгілі ғой. Ортасын өзгерткім келіп жүрген. 

    Сонымен жаңағы естіген ислами ортама бардым. Ары іздеп бері іздеп, көшеде көрінген жаннан сұрап жүргенде, "Кəусар" деген үлкен жазбаны көріп қуанып кеттім. 
    Қуанғаннан астындағы кішкене əріппен жазылған сөзді оқымай ішке ене беріппін. 
    Кіргеннен ислами оранған əйел жылы жүзбен қарсы алды. Келу себебімді айттым. 
    Ішке директордың алдына кіруімді өтінді. 
    Жолай есіктерден сығалап қарап тұрған қаракөз қыздарды көріп қуандым. 
    Бəрі ислами киінген. Шынында əдемі көрініс қой. Содан ең шеткі ішкі бөлмеге ендім.
    Бастығы орнынан тұрып қарсы алды. Олда жылы жүзді əйел екен.
    Жағдай сұрасып сосын мəселеге көштік. 
    Ең алғаш қойған сұрағы:
    -Қызыңыз нешеде?
    -үште (мен мəз)..!!
    -Не үшін тастамақшысыз!
    -Ортасын алмастырғым келді, басқа ислами қыздармен араластырғым келді.... деп сөзім аяқталмай..
    -Баладан бас тарту құжатын əкелдіңізбе.?!!
    - Денем мұздап кетті ғой....тітіркеніп кеттім кəдімгідей..!!
    Жоға бас тартқаны нес! Бұл Балабақша секілді орын деп еді ғой.. таңертең əкеліп кешкісін алып кететін орын емеспе?
    -Жооо бұл "ЖЕТІМХАНА"
    Бұл сөзді естимін деп кім ойлаған. 
    Аңқаулығым-ай! Сыртындағы жазуды оқысам нетті, оқуды қойшы дұрыстап толық сұрап алсам боладығой басқалардан...!! Ойымда сан сұрақ! 
    -Аааа білмей қалдым...рас білмедім...
    Неге ақталып жатырмын десеңізші, білмеймін ұялдым, қысылдым, мұндай сөзді күтпедім..!!! Үнсіз орнымнан тұрып шығар есікке беттедім..!!
    Шығып келе жатырмын, бұл жолы басқаша....жаңа есіктен сығалап тұрған балаларға аяушылық сезімімен қарай бастадым..!! 
    Жүрегім ауырып кетті..!! Аллаһ сақтасын..!! Ешқашан "Жетімдер" үйінде болмағанмын, мұндай көріністі де көрмеген едім..!! Телефонда видеодан қарағаннан əлде қайда аянышты екен ғой!!
 
Абылай Хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ 2 курс студенті Сатыбалды Нұргүл