жеке
блог

Студентсіз сәні де жоқ екен-ау...

Алып Алатауға арқа сүйеген ҚазҰУ-ана студенттерінің біразын "Туған елге барып қайт" деп ауылдарына шығарып салды,

біразын "Ел көр, жер көр! Оқы, үйреніп кел" деп шетел асырды,

біразын өзіме қолғабыс етер деп СҚЖ (студен құрылыс жасағы) құрамына алып қалды,

біразы "ана" алдында парызын өтемек боп, диплом жетегінде жүр.

Енді біразы не "анаға" қолғабыс болмай, не ауыл жаққа бет алмай жүүүүүүр...) Өзім солардың қатарынан шығармын)))

Жатақхана. Әлі тұрып жатырмыз. Бәрі кетіп қалған негізі. Сырттан қарағанда жылтырап үш-төрт қана жарық көрінеді. 30 мамырда босатуымыз керек болған. 23-не дейін практика деп жүріп алдық. Бүгін 26-сы... Комендант апай жақтан бір хабар келіп, "шығыңдар" деп жатса жүктеріміз дайын. Буулы, түюлі отырмыз)) Апай да үнсіз жүр ғой. Оның алдында көргенімде: "Әй, сендер қашан қайтасыңдар, қуғанша жүре бересіңдер ме?"- деп тәтті ұрсып қойған. Біразы расымен "Қуғанша тұрамыз",- деп жатыр))) Студентсіз жатақтың сәні де жоқ екен. "Біз аз емеспіз, біз мыңбыз!" - деп жүрген ед кеше)) Тып-тыныш. Тым-тырыс.

Жатақтың жанында орналасқан дүкендер мен кішігірім асханалар да "көңілсіз"... Неге екені түсінікті ғой)

Жатақхананың алдын жаңғыртып отыратын "біз жақтың серілері" де көрінбейді. Әндерін сағынып қалдық. "Айналайын, 17-нің қызадарын-ай!"- деп шырқаушы ед))

Қаңырап бос қалған студенттер үйін дәл бір баласы жоқ отбасыға теңерсің...

Хамит атаның жағалауы да тып-тыныш. Жабырқаулы...

"Қағанат" та...))

Солаааай...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі