Түркістанда кіші футболдан республикалық ашық біріншілік өтті

Түркістанда кіші футболдан республикалық ашық біріншілік өтті
жеке
блог

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысында 2018 жылгы 23-24 караша күндері қоғам қайраткері Мүсәлі Сыздықовтын 100 жылдығына арналған кіші футболдан республикалық ашық біріншілік өтті. Түркістан қаласындағы «Астана» спорт сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған турнирде Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Сарыағаш, Сайрам, Созақ аудандары мен Арыс, Шардара, Түркістан қалаларынан 11-12 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған 16 команда қатысты. Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша 1 орынды - Түркістан қаласы, Түркістан облысы (жүлде қоры -200 мың теңге), 2 орынды - Арыс қаласы, Түркістан облысы (100 мың теңге), 3 орынды - Жамбыл облысы (50 мын теңге) иеленді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Болат Сыздықовтың бастамасымен «Астана» спорт сауықтыру кешенінде 4 спорттық мектеп ашылып, 500-ге жуық жасөспірім спорттың футбол, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел тенисінен оқытылуда.