"Шынайы махаббат" қайда немесе ХХІ ғасыр махаббаты қандай болу керек?

"Шынайы махаббат" қайда немесе ХХІ ғасыр махаббаты қандай болу керек?
жеке
блог

Блог жазуға отырған сәтімде қоғам туралы жазба жазғым келген, бірақ құрбымның іс-әрекеті есіме түсіп осы тақырыпқа жазуға кірістім.

Менің жақын құрбым бар-тын, екеуміз кішкентайымыздан бірге өсіп келеміз. Мектеп бітіріп арман қуып екеуміз екі қалаға кеттік. кейіннен сөйлесіп жүріп құрбымның өзгере бастағанын білдім. Екеуміз сөйлесіп отырғанбыз, ол бұрыннан ұнатып жүрген жігітінің өзіне сөз айтқанын айтты, бірақ одан бас тартқанын да айтып қалды. Мен таң қалдым "Неліктен, сен оны ұнатушы едің ғой?" - дегеніме ол: "Оның машинасы да, ақшасы да жоқ қой, есімнен адасыппын ба онымен жүріп" дегені. Мұны естіп таң қалған мен "сонда махаббат қайда?" дегеніме, "қазір ХХІ ғасыр, махаббат-сахаббат дейтін қай кезде өмір сүріп жатсың?" деді ғой. Мұндай сөзді жақын құрбымнан естіген мен аң-таң боп отырып қалдым. 

Сонда қалай ХХІ ғасыр болса махаббат болмау керек пе? ХХІ ғасыр нарық заманы десек те, махаббаттың нарықпен алмасуы мүмкін бе? Сонау "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу", "Қыз Жібек пен Төлеген" сынды ғашығы үшін жан берген аға-әпкелеріміздің ұрпағы қайда?

Меніңше махаббат мейлі ХХІ ғасыр немесе ХХІІ ғасыр болсын "махаббат" күйінде қалу керек. ол деген екі ғашықтың бір-біріне деген мөлдір сезімі емес пе,  сондықтан ол  әрқашан сол мөлдір, пәк қалпында қалу керек. Сіздер қалай ойлайсыздар ХХІ ғасыр махаббаты деген пікір дұрыс па????