HUAWEI Mate 20 желісі таныстырылды

HUAWEI Mate 20 желісі таныстырылды
жеке
блог

Егер осыдан 10 жыл бұрын маған «Смартфондар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді бірінен кейін бірі шығады» десе, сенбес едім. Қазір жаңа ұсыныстарға көзіміз үйренді. Жарық көріп жатқан смартфондардың барлығы да әр түрлі. Бір-бірінен асып түседі. Соның бірі, осы аптада тұсауы кесілген HUAWEI Mate 20.

HuaweiMate 20 желісі төрт құрылғыдан тұрады: HUAWEI Mate 20, HUAWEI Mate 20 Pro, HUAWEI Mate 20 X, PORSCHE DESIGN HUAWEI Mate 20 RS. Барлығы да Kirin 980 процессоры арқасында жаңа смартфондар алдыңғы желістегі смартфондардан 75% мықтырақ. Сондай-ақ, смартфон қуаты сөніп қалған жағдайда Mate 20 өзге смартфондарды қуаттандыра алады.

Mate 20 шаң-тозаң мен судан қорықпайды. Камерасы да мықты. Таныстырылым кезінде жаңа смартфонды көріп, балаша мәз болып, суретке түсіп жаттық. Жақын арада жаңа смартфондар елімізге келеді. Сол кезде басқа да қыр-сырын көре жатармыз.