жеке
блог

Еркелеп көрдіңіз бе?

Кеше қатты еркелегім келді. Сосын бірінші болып папамның кіші інісіне, Елбасы ағама телефон шалдым. Қоңырау барғаннан езуіме күлкі үйірілді. Білемін тұтқаны қалай көтеретінін... "Көзі ма, көзі ма, көзіманың өзі ма?! Көзи, қалайсын..." ары қарай қал жағдай сұрасумен, аны-мұны әңгімемен аяқтадық. Одан кейін ауылдағы ағама қоңырау шалдым. Ол кісі де тура осылай көтерді тұтқаны. Бірақ ол ағам тағы бір еркелетуді қосты "гүні-гүні гүнімен, ұйықтамайды түнімен". Көңілім бір көтеріліп қалды. Бірақ әлі де жетіспей тұр. Папамның осы Астанадағы әпкесіне қоңырау соқтым. Әпкем "гүні-гүніден бастады, Әйтенім, Әйтенім, Әйтенімді қайтемінмен" жалғастырды. Бұлардың бәрі мен туылғалы естіп келе жатқан еркелетулер. тек маған айтылатын, тек маған арналған. Әрине, оқып отырған адамдар үшін түк мағынасы жоқтай, бірақ бұның әрқайсысының өз тарихы бар. "Көзіма" деген ауылда Көккөз деген кісі болған, менің көзім көкпеңбек болып сол кісіге ұқсап кетсе керек. Содан папам солай еркелетіп бастаған, оны екі інісі іліп әкетіп, әлі күнге дейін! еркелетеді. ал "гүні-гүні, гүнімен" деген ұйқасқа айтыла салған, бірақ түнімен жылап ұйықтамайтыным рас болса керек. "Әйтенім, әйтенімді қайтемін"... Ауылда менің кішкентай кезімде Әйтен деген бригадир болыпты. Үлкен, бұғағы салбыраған сары кісі екен. Мен тура сол кісіге ұқсап сеп-семіз болып томпайып отырады екенмін. Содан папамның әпкесінің шығарып алғаны ғой. Аға-әпкелерім осылай еркелетсе, менің кішкентай кезімдегі қылықтарым мен бұзықтықтарымды айтса, балалық шағымның тәп-тәтті болғанын сеземін. Мектепте қаза тілі-әдебиетінен беретін ағайым шикі сары дейтін. Сол уақытқа қайта кеткім келеді... Бірақ тәубә, еркелететін адамдарым қасымда. Өзімде анамын, ұлымды еркелетіп отырмын. Бірақ балалығым басылған жоқ, еркелегім кеп тұрады. Ал Сіздерді кім, қалай еркелетуші еді? Естеріңізде ме? Балалық шаққа саяхаттап қайтайық )))

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі