Смартфон камерасына фильм түсіргіңіз келсе...

Смартфон камерасына фильм түсіргіңіз келсе...
жеке
блог

Смартфон камерасына фильм түсіруге бола ма?! Әрине болады)

Өткен демалыста табиғат жайлы 15 минуттық деректі фильм көрдім. Қызығы ол кино ұялы телефонның камерасына түсірілген. Оператор камераның бар мүмкіндігін пайдалана алған.

Жақында АлматығаHuawei и Beeline компанияларының шақыруымен ONE|SIDE MEDIA YouTube-каналының авторы, PocketFilm мобильді кино порталының құрушысы, оператор, режиссер Артур Михеев мастер-класс өткізді. Оның ойынша, кез келген адам өз смартфонындағы камераны қосып, таза бейнедегі киноны түсіре алады. HuaweiMate20 lite арқылы видеоны қалай түсіру керек екенін, қалай жарық қоюды, дыбыс жазуды, монтаж жасауды айтты.

Қазір интернет желісінде небір контентті көруге болады. Бірақ, көбісінің сапасы мәз емес. Сол үшін де осындай пайдалы кездесулер көбірек болғаны дұрыс деп ойлаймын.