жеке
блог

Жаңғақ

 

Күндердің күнінде Қожекең бақшасындағы жаңғақ ағашының астында дем алып жатып, аспандағы жаңғаққа, жердегі асқабаққа қарап, ойланып қапты. "Әй, Құдіреті күшті Алла тағаланың ісіне амалың бар ма!... Мынадай зәулім ағашқа бармақтай жаңғақ, бір тал шөпке добалдай асқабақ өсіріп қойғанын көрмеймісің!?"

Сол мезгілде ағашты жел қозғап, бір жаңғақ үзіліп кетіп, Қожекеңнің басына түседі.

Қожекең жалма-жан бетін құбылаға бұрып:

-   Құдіретті күшті жасаган ием! Ісіңді өз білгеніңше жасай бер! Менің
ақылыма ұйып, жаңғақты топыраққа, асқабақты ағашқа жаратсаң біздің
халіміз не болар еді? - деп шүкіршілік етіп, Алланың ісіне кіріскеніне
кешірім сұраған екен.

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі