23 шілде қандай күн?
жеке
блог

23 шілде қандай күн?

    Қазіргі бақылаусыз балық аулау мұхиттардың болашағына қатер төндіруде. Дүниежүзіндегі теңіз жануарлары бүгінде бүкіл әлем назарында. Жыл сайын құстар , тасбақалар, итбалықтар, дельфиндер мен киттер өлуден. Сондықтан да жыл сайын 23 шілдеде планетамыз Дүниежүзілік киттер мен дельфиндер күнін атап өтеді. Бұл жарлық 1986 жылы қабылданды. Сол сәттен бастап Халықаралық балық аулау комиссиясы мыңдаған жылдар бойы адамдар аяусыз, өз мақсаттарына қолданып келген киттер мен дельфиндерді өз қорғауына алды. Айта кетерлік жайт ,  23 шілде жалғыз күн емес. Кейбір елдерде киттер мен дельфиндерді қорғау күні өзгеше болып келеді. Мәселен, Австралия бұл мерекені  2008 жылдан бастап, маусымның бірінші сенбісің де атап өтсе, Америка халқы бұл мейрамды 21 маусымда тойлайды. Кейде бұл күнді " Теңіз жануарларын қорғау күні" деп те атайды.

              24, 25, 26... қай күн болмасын оның өзіндік ерекшелігі болады. Сондықтан да әр күнді өзімізге, өзгелерге мерекелер қызықты қылып өткізуге тырысайық.