«Асыл тұз» зауыты іске қосылды

«Асыл тұз» зауыты іске қосылды
жеке
блог

Еліміздің өндірісі тағы бір зауытпен толықты. Жамбыл облысының Жаңатас ауылында «Асыл тұз» тұз шығаратын аумағы 4 га құрайтын зауыты ашылды. Зауыт салуына бөлінген инвестиция құны 710 млн. теңге.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Зауытта 65 адам қызмет етеді. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Болашақта жұмыс орындарын үш есе арту жоспарда бар. «Асыл тұз» зауытының негізгі құрылтайшысы L-Capital холдингінің «ALLTRANS» көлік компаниясы. Зауытта осы компанияның жүзден аса арнайы техникасы іске қосылған.

Таза тұз өнімі Майдакен көлінен алынады. «Асыл тұз» компаниясының директоры Әділбек Ақназаровтың айтуы бойынша, тұз өндірісінің бір жылдық потенциалы шамамен 50 мың тоннаны құрайды. Өндіріс кезінде тұзға йод қосылады. Ол тұтынушылардың денсаулығына зор пайдасын тигізіп, йод дефицитінің алдын алады.

Зауытта барлық техникалық және логистикалық жүйе қамтылған. Бір ауысым кезінде 30 тонна килограмдық тұз бен 40 тонна ыдыстағы тұзды шығаруға болады. Бүгінде «Асыл тұз» өнімі Шу, Тараз, Шымкент, Қараганды, Семей, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларына жөнелтіледі. Ай сайын 800 тоннадан аса тұз жіберіледі. Сондай-ақ, Қырғызстан еліне де экспорт жөнелтіледі. Болашақта Ресей мен Қытай елдеріне де жіберу жоспарлануда.

 Суреттердің авторы Евегния Северина