Мен үшін ұлттық псиxология...
жеке
блог

Мен үшін ұлттық псиxология...

Кез келген ұлттың немесе ұлыстың өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, өзіндік психологиясы болады. Ал ұлттық психология дегеніміз — белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекетерекшеліктері. Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология — тіпті әр түрлі таптарға жататын адамдардағы мінез-құлықтың орнықты негіздерінің бірі. Алайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге тәуелді ол да өзгеріп отырады.
Қай ұлт болмасын тарих сахнасында өз тағдырын сақтап қалу үшін күресері хақ. Ол заңды құбылыс. Ал солардың алғашқыларының бірі – ұлттық психология. Егер ұлттық психология дәрежесін төмендетіп алса, ұлттық құндылықтардан алыстай түседі деген сөз. Сондықтан да жалғыз қазақ емес, барлық халыққа ұлттық психология қажет!
Ұлттық психологияның өзіндік факторлары болады. Сол арқылы дамып, жетіле түседі. Оларға: халықтың басынан өткерген тарихы; ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі; төлтума мәдениеті; ақпарат алмасу тілі; салттары мен дәстүрлері; түрған жерінің табиғаты және климаттық жағдайлары; діні; әлеуметтік-демографиялық жағдайы жатады. Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден орныққан құбылыс болып табылады, оны өзгерту өте қиын және ұзаққа созылады.
Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениетi арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелiк ұлт мәдениетiнiң түрлерiнен көрiнiс бередi. Мысалы, бiз ән-күйлердi, билердi тыңдай отырып, немесе ою-өрнектi, зергерлiк әшекей заттарды көрiп, оның қай ұлтқа тән екенiн бiрден айырамыз.
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелiгi адамдардың әлеуметтiк қарым-қатынасынан, киiм киюiнен, спорттық ойын түрлерiнен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келiн түсiру, қыз ұзату, қонақ күту, өлiк жөнелту рәсiмдерiнен т. б.), ұлттық тағам түрлерiнен байқалады.
Ұлттық психикалық құрылым үш бөлiктен тұрады: ол ұлттық сезiм, салт-дәстүрлер және ұлттық мiнез. Осы үш бiрлестiк ұлттық мәдени ерекшелiктiң шартты белгiлерi болып табылады.
Қазақ қанынан осы үш белгінің барлығы да кездеседі. Ендеше ұлттық психологиямыз өз биігінде деп айта аламыз.
Ұлттық психология өлшемі тәрбиемен өлшенеді. Қандай тәрбие болса да, ол ұлттық тәрбие деп аталынады, өйткені ол белгілі бір ұлттың тәрбиелік тәжірибесінде қалыптасып, сол ұлттың өз тілінде жүргізіледі.

Ұлттық психология өлшемі ұлттық мінезбен де өлшенеді. Қазақ халқының ұлттық мінезі ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне, тарихи жағдайларға байланысты дамып, қалыптасты. Қалыптасып, халықтық әдепке айналған ұлттық мінезге заман зардабы әсер етпей ме? Әрине, әсері болар, бірақ ұлт тұрған жерде оның мінезін өзгерту «күші» мүлде қалады.

Жас ұрпақты тегіне тербеп, олардың бойына ұлттық қасиеттерді (мінезді) сіңіре білуіміз үшін, мінездің ұлттық ерекшеліктерін жан-жақты терең зерлеп, тәлімдік тәсілдерін қолдана білу қажет.

Ұлт болып қалу үшін, халық болып қасқайып қарау тұру үшін ұлттық психология қажет. Оны кез келген жұмыр басты пенде баласы біледі, жанымен сезінеді. Ендеше ғасырлар қойнауынан қаймағы бұзылмай келе жатқан ұлттық құндылығымыз жұтаң тартпау үшін жанымызды сала еңбек ету әрбір азамат пен азаматшаның басты парызы деп білемін.