Жарнама
Арнайы жобалар

Көктем

Көктем
жеке
блог

Көктем айы келіп жетті бізге де, 

Айшуақтай нұрын төгіп өзгеге. 

Қызғалдақтар, бәйшешектер гүлденіп, 

Айналамыз оранғандай жасыл кілемге. 

 

Адамдардың жүздері толы күлкіге, 

Риза болып бір-біріне,  әлемге. 

Халқымыздың мерекесі әз -Наурыз,

Келіп жетті отбасыға, әр үйге. 

 

Мұздар еріп, бұлақ суы сылдырлап, 

Қарлығаштар үй салып,  құстар сайрап. 

Алаңсыз балалар аулада жүр ғой ойнап, 

Күн шуағын төккендей бізге арнап.