Huawei Media Hub

Huawei Media Hub
жеке
блог

Алматыда IT-журналисттер мен блогерлерге арналған HuaweiMediaHub білім орталығы ашылды. Көпшілікке гаджет пен смартфон шығарушы ретінде танымал инновациялық компания Huawei енді медиа саласындағы IT бағытын дамытуды қолға алып отыр.

Олеся Колесниченко, Huawei Kazakhstan Device PR-менеджері: «Huawei Media Hub алғашқы кездесуі БАҚ өкілдерінің төл мерекесіне орай жасадық. Болашақта бұл орталық IT-журналистика и блог саласындағы үздік есімдердің танылуына ықпал етеді деп сенеміз»

Huawei Media Hubбілім орталығында журналисттер мен блогерлерге арналған әр түрлі кездесулер мен мастер-класс дәрістерін өткізіледі. Әр кездесуге мықты мамандар келіп, өз тәжірибесімен бөліседі. Соның бірі, алғашқы кездесуге аранйы шақырылған қонақ Николай Турубар. Ол IT-журналистикда ерен еңбек еткен жан. Өз кәсіби жолында қарапайым журналисттен бастап, жеке басылым басшысына дейін көтерілген. nomobile.ru, chezasite.com сайттарын құрған. Әлемдегі ең алғашқы GadgetStudio атты гаджет-мейрамханасын ашқан. Алғашқы кездесуде ол келген қауымға онлайн БАҚ-тағы контентті қалай құру керектігін, сайт ашу мен оның көрсетілімн дамытудың қыр-сырын айтты. Сондай-ақ, HuaweiP20 Pro смартфонына жасаған шолу негізінде зге гаджеттерге қалай шолу жасау керектігі жайлы мастер-класс өткізді.

Николай Турубар, IT-журналист: «Қазіргі таңда кез келген ортадан ақпарат алуға болады. Интернет, әлемуеттік желілер, гаджеттер барлығын өзгертіп жіберді. Huawei Media Hub орталығындағы кездесулер журналисттер мен блогерлерге білімн арттыруға, жаңалықтарды басқаша көзбен қарауға мүмкіндік беретін пайдалы алаңға айналады»

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, мұндай кездесулер енді жиі жүргізілетін болады. Алдағы күндері мобильді суреттер бойынша мастер-класс дәрістері өткізілетін болады.