Неге журналист болдым
жеке
блог

Неге журналист болдым

«Журналистің жегені - жантық, арқалағаны - алтын», – дейді жазушы Шерхан Мұртаза. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар таратып, қоғамдық сананы қалыптастыратын журналистер мерекесі 2011 жылдың 20 қазанында ел Президенті Жарлық шығарып, маусым айының 28 жұлдызы – «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып белгіленді.

 

Журналист болу үшін көптеген талаптар қойылады. Бірақ соның ішіндеге ең бастысы халыққа қызмет етуге, жұрттың сұранысынан орындай алуымен ерекшеленеді. Елдің мұңын мінбердегілерге бүкпесіз жеткізіп, сәйкесінше жұрт мәселесін шешуге атсалысады. Бұл да қадір тұтар қасиеттердің бірі. Кейінгі кезде журналистиканы оқыту мәселесі жөнінде көптеген пікір қайшылықтары туып жүргендігі аян. Соның бірі білім және ғылым министірі Ерлан Сағадиевтің 4 жыл оқытуды қысқарту керек деген пікірі еді. «Егер сен медицина туралы жазғың келсе медик маманы болуың керек содан соң барып журналист болуың керек» дегенді алға тартты. Төрт жыл оқытуды азайтуға қосылуға әбден болады. Себебі 4 жыл бойы білімгерлер журналистика тарихынан айналшықтап шыға алмай қалатын кездер болады. Сол үшін де оқу жылын қысқарту тиімді тәсіл. Биыл журналистика мамандығын І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінен 44 білімгер аяқтап шықты. Кейбірі тағдырдың айдауымен кейбірі өз қалауымен арманы жетекетеп келгендері де баршылық. Сол студенттердің болашақтағы арман-мақсаттарын сұраған болатынбыз.

студент журналист

жгу талдықорған


Әмина Құдайбергенова

Әмина Құдайбергенова

Жалпы, бала кезден адамның бойында бір қабілет болады. Сол арқылы мамандық тандалады. Мен жазуды білмей тұрып, үйде қызыл диванның үстіне шығып алып, жаңалык жүргізеді екенмін. Диктордан бірден ауа райын жүргізетін жургізушіге айналады екенмін. Жалпы, әдебиетті сүйіп өстім. Сол журналистикаға бет бұруға себепші болды. Шетелде балалардың кабілетіне карай мамандык таңдауға ата-анасы көп көніл бөледі. Бізде бірак мұндай көп байқалмайды. Болашақта казак журналистикасын жаңа белеске көтерер каламы карымды тілшінің бірі болғым келеді. Кейін бойымдағы шығармашылык кабілетті танып ата- анам жол сілтеп журналистикаға түсірді. Кез келген адам журналист бола алмайды деп ойлаймын. Ол өз еліне, жеріне жаны ашитын, халык мүддесі үшін аянбай барын салып енбек ететін өз елінің патриоты болуы тиіс.

Журналист жолы ауыр. Олар әлемді жарықтандырып тұратын шам іспеттес. Оларсыз әлем караңғы түнек сияқты болар ма еді? Кім білсін!

 

 назерке Тілеубаева

Назерке Тілеубаева

Мен 3-сыныптан бастап өлен жазатынмын. Ал 5- класста апай «өлендерінді газетке шығарайык» деді. Сосын газетке барып жұмыс істеуге болады екен ғой өлең жазып жүрем деп ойладым.  6 -класстан бастап журналист болуды армандап келдім. Өлең жаздым, кітап окыдым. 9 -сыныпта алғашкы мақалам газет бетіне шықты. Ақпараттық мақала еді. Журналист болам дегенде микрофон ұстап көшеде жүгіріп жүретін адам боласын ба, деп күлетін. Осындай сөзден кейін міндетті түрде оқуға түсіп оларға журналист дегеннің кім екенін дәлелдегім келді. Кейін ҰБТ тапсырып І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне түстім. Журналистика әлеміне ақырындап кадам басып, біраз адамдарға журналистін кім екенін көрсете алдым деп ойлаймын.

Өкінішке орай, атылып тұрған жастарды оқытатын, оларға бағдар беретін мұғалімдер өте аз. Сондыктан біраз тәжірибе жинап алған соң, магистратураға окуға түсемін деп максат қойдым. Болмасан да ұксап бақ демекші, аз да болсын, колымнан келгенше болашақ тілшілерге білгенімді үйретіп, оларға кәсіби ұстаз болғым келеді

Атамұра Мұсаханов

Атамұра Мұсаханов

Журналист болуға деген құштарлык 8-9 сыныптарда басталды. Жазғы демалысқа әпкемнін үйіне келгенде жездем Жетісу телеарнасында редактор-диктор болып қызмет аткаратын. Сол кісіге еліктеп, осы мамандықты тандадым. Жездемнен мамандык шеңберінде көп ақыл-кеңес сұрап, өзімді сол уақыттан бері шыңдап келемін.

 Аяулым Мадиканова

Аяулым Мәдіхан

Жалпы, журналист деген кім? Оның қоғамда алатын орны кандай? Осы сұрактар мені бұл мамандыққа келмей тұрып мазалаған еді. Көгілдір экранның ар жағында сақылдап, әп -әдемі болып сөйлеп тұратын дикторларға қызықтым.Ұлттык арнадағы жүргізушілерді бақылап отыратынмын. Содан кызығушылык басталды. Менде айнаға карап өзімше бірдемелерді судырата айтып жүргізе бастадым. Әрине, үйде жалғыз қалғанда орын алатын. Содан ақырындап жарыстарға қатысып,бағымды сынап көре бастадым. Ал, қазір Облыстық «Жетісу» телеарнасында қызмет атқарамын. Жетісу ұжымы өте ұйымшыл. Жас деп бөле жармайды. Білікті, білімді тәжірбиелі мамандар бар білгенін үйретеді. Сондай аққөніл жандардың ортасында жүргеніме мақтанамын.

Түлектерге ақ жол, үлкен өмірде сәттілік тілейміз.

P.S. Бұл студенттердің бәрі Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде оқыған