ТАҚЫРЫП ҚОЮ
жеке
блог

ТАҚЫРЫП ҚОЮ

Журналистиканың қызметін орындайтын функциялар өте көп. Мысалы блогерлік. Бұрын жұртқа бірдеңе деу үшін бірдеңе сіңдіру керек болды. Ал әлеуметтік желі сол құқықты оңды-солды беріп жатыр деп ренжейді. Дей берсін! ЕГЕР блогар сөзін әдемі жеткізіп жатса ол Құдайдың блогері. Дәл қазір телевизия журналистерін блогерлерден, желі белсенділерінен артық қылатын сараптама, креатившілдік, жоқтан бар жасау.

Журналистердің арасында 2-3 жыл істеген журналистерде тақырыптың қайталануы деген мәселе бар. Мысалы сен алдыңғы жылы 8 наурыз туралы материал жазсаң биыл да сол туралы келеді. Тағы не қозғары білмейсің бұл тоқырау журналистің өлуі.

Мысалы: тіл, су, митинг, дін, қыздар деп көп талқыланатын мәселе бойынша тақырып шығар десе шығара аласыз ба? Бұл әбден жұлмаланып тізесі шығып кеткен сияқты. Ойланып қарасақ ең көп талқыланған тақырыптан да керемет материал дайындап шығаруға болады.
Қыздардың көшеге бала тастауы көбейді.бұдан қалай тақырып шығаруға болады?

1. Әр түрлі мемлекеттер осы мәселені қалай шешіп жатыр?
2. Бала асырауды заңдастыру?
3. Тастанды балалардың тарихы?
Шамамен қолымызда ақпарата бар. Қит етсе қызды ғана сөгеміз, неге жігіт жауап бермейді деп қозғасақ елдің бәрі айтқан. Неге басқа жағынан алмасқа? 
Жігіт болдым деп тақырып алсақ
Бұрын қазақта 13-ке келген бала бір нәрсені істей алмай жатса, «Ей, ат жалын тартып мінетін жасқа келдің ғой»,– деп сөгеді. Ал қазір әкесі баласына «ей, қызға баратын жасқа келдің ғой не мынау» деп жатады. Өсу ер жету қызға барумен ғана шектеледі де. Бұл қоғамның түсінігі. Осы туралы да үлкен зерттеу жасауға болады.

Нұрбек Бекбау

 

Екінші қазақта тастанды дегендер болды ма? Сол бағыттан қарауға да болады. Қазақта түбін ақтарсақ ең жаман сөз болған екен «көрдемше» деген. Өлімге тастап Алланың жазуымен тірі қалған бала. Мақала сюжетті алсақ та тақырып үлкен роль ойнайды. 
«Баланың ішін пыстыр» деп тақырып алсақ. 
Автоматты түрде халықта сауал туады. Енді соны тарқатамыз. Бізде негізі баланы ішін пыстырмауға талпынамыз қолына неше түрлі ойыншық, телефонды беріп қоямыз. Ал негізі баланың тілі өзімен өзі қалған кезде шығады. Іші пысқаннан ол таяқ ұстап бір- бірімен сөйлеткізіп, ішіндегі сөзін шығарады. Ал біз сол сөзін шығаруға мүмкіндік бермейді екенбіз.

Балапан бұзып жатыр деп берсек болады. Бұл жерде тағыда «мынау жынды ма?» деген сұрақ туады. Біз 1 жарым, екі жастағы балаға балапан қосып береміз, қазақ тілін солай дамытып жатырмыз дейміз. Сөз жоқ, 4-5 жастағы балаға әсер етеді. Ал 1.5, 2 жастағы балаға мүлдем әсер етпейді. Себебі тілі енді жетіліп келе жатқан бала сөйлеп тұрған адамның эго бар екенін көруі керек.

«Қызым үйде қылығы интернетте» деп алсақ

Сен мысалы әкесің ол үйде жүргенде оспадар қылықтарын көрсетпейді. Сыртқа шыққан соң еркінсіп кетуі мүмкін ғой. Осы кезде екінші мақал кетеді. Бұрын қазақ қызды қырық үйден тыйған. Менің қызым айқалап жүргенін көрсеңдер тыйыңдар деген. Қызды бір ауыл тәрбиелеген. Енді аман есен бойжетті, жетілді осы кезде үшінші мақалдың қызметі келеді «қызым саған айтам, келінім сен тыңда». Басқа ауылдың тәрбиесін көрген қыздың бетіне тікелей айтып тастасаң ренжіп қалуы мүмкін. Содан әжелеріміз қызына айтқан болады да келінді тәрбиелейді.

Бұрын үйде телевизор болатын. Сол кездегі көріністе сүйіскендерді көрсек бетімізді жауып арасынан қарағымыз келді. Тәйт деп қуып жіберсе есіктің артынан қараймыз. Енді қазіргі жағдай қалай. Әр баланың қолында бір- бір смартфон мен ноутбуктар. Жапондарда тамаша дәстүр бар екен. Біз дастарханда телефонды ұстама деп ұрысамыз ғой. Ал олар тамақ келгенге дейін және тамақ ішіп болғанша ұстауға рұқсат береді. Тамақ ішіп болғаннан кейін смартфонды қалдырып кету керек екен. Себебі телефоныңмен өзің бөлмеге кетуің бәленің бастауы деп санайды. Неге әлеуметтік желіден көріп отырмын. Себебі 72-73 пайызы әлеуметтік желімен танысқандар болып шығады. Бердібек деп танысса Асқар болуы мүмкін.

Тілге байланысты да осылай. Тіл десе Мұхтар Шаханов «тілім, ойбай» деген сөздер ғана елесетейді. Шын мәнінде, жойылуына өзіміз себепкер болып жатқан да дүниелер бар. Тағы бір мәселе Халыққа Қызмет Көрсету Орталығын орысша ЦОН деп айту ыңғайлы. Қазақ тілінде қысқартылған сөздердің көпшілігі айтуға икемсіз. Осы кезде орыс тілінің жеңуіне мүмкіндік беріп қоямыз. Ал Америкада мекеме атауына берер кезде қатты мән береді екен. Осы мәселені қозғауға болады ғой. Қызықтырып бере алмаймыз. Біз қазақша сөйлеп жүрген сияқтымыз бірақ қазақша сөздердің мағынасын білмейміз. Мысалы Арыс деген сөзді алсақ. Киіз үйдің шаңырағындағы уық тығатын тесіктер бар сол арыс деп аталады. 6 арыстың біреуі болмаса шаңырақ құлайды. Мәні, шаңырақты, мемлекетті ұстап тұрушы дегенді білдіреді. Мағынасы ұмытылған сөз міндетті түрде қолданыстан шығып қалады. Біз алдыңғының энерциясымен қолданып жүрсек кейінгілер оны мүлде білмей кетуі мүмкін.

Журналист мына мақала арқылы не айтқым келді деп сұрақ қоймайды Хронология айтып шығумен шектеледі. Әр жерден үзіп жұлып үкімет қайда қарап отыр деген слагонмен жаза салады. Мұны тағы саяси сауатты материал деп жатады. Екі әуелгі сұрақ қайда болды? не болды? десек тағы екі сұрақ неден болды? енді не болады?

Журналист футбол туралы жазып келсе, кешке саясат туралы жазуы мүмкін. Бұрынғыдай жалпылама бәрін біледі деген дүние қазір қалды. Бір саланы жақсылап меңгеру белгілі бір салаға даму керек. 
Мемлекеттік БАҚ та проблема бар мақтау керек десе болды жерге сыйғызбай төңкеріп тастайды. Әйтпесе, Елбасының жолдауында да небір қызық дүниелер бар. Соны басқа бағытымен беруге болады ғой. Қазір бізге фактімен ойнату деген келді. Білетін фактіңді басқа жағынан бере алу.
#bc18