Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Кезексіз кезексөз))))

Кезексіз кезексөз))))

Кезексіз кезексөз))))

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Есімім - Ақжелең. Әкем домбырашы болғандықтан күйдің атын қойыпты))) Алматыда туып, өстім. Бірақ түбім Қызылорда)) Ұстаздар отбасынан шыққан қызбын. Биыл мектеп бітірдім (точнее құтылдым)))) ҚазҰУ-ға түскім келеді. Болашақта журналист болғым келеді. Бірақ филологияға түсем-ау осы. Мінезім әр кезде әртүрлі, көбінесе көңілдімін. 

2. Хоббиің не?

Әдеби кітаптар оқу.

Көңілім соққанда бар дауысыммен ән айту.

1 және 2 теңгелік тиындарды жинау (қазір біраз боп қалды)

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Австралия, Үндістан, Түркия, БАӘ, Чехия, сосын Американың әр штатын түгін қалдырмай көргім келеді.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Қайтып адам болғаным жақсы ғой.

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. 

Ең үлкен жеңіс -жеңілгеніңді мойындай білу, ең улкен ерлік - деңгейіңді пайымдай білу

Всегда выбирайте самый трудный путь - на нём вы не встретите конкурентов. (Шарль де Голль)

Морщины должны только обозначать места, где раньше были улыбки))))))(Марк Твен)

Ең көп қолданатын сөзім "деее" шығар. Себебі көп әзілдеймін)))

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

Әлі ешкіммен сүйіспедім және оныммен мақтана алам))) 

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

ҰБТ-дан енді босап, жан-жағыма енді қарай бастадым)))))))))

8. Сүйікті әншіңәртісің, саясаткерің (былайынша айтқанда кумир), неге ол адам?

Кумирім Пайғамбарым Мұхаммед (с.а.у).

Саясаткерлерім Дінмұхаммед Қонаев, Бекболат Тілеухан, Нұртай Сабильянов.

Сүйікті әншілерім баршылық, себебі талантты әншілер де баршылық.

Актерлардан Берік Айтжанов, Вин Дизель, Джеки Чан, Уилл Смит, Сергей Безруков ұнайды. Сосын Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергенді қосып үлгердім (жас болса да алар асулары әлі алда деп ойлаймын)

Спортсмендерден Мұстафа Өзтүрік, Илья Ильин, Криштиану Роналду, Майк Тайсон.

Сүйікті айтыскерлерім: Жандарбек, Балғынбек Имашев, Төреғали, Бекарыс Шойбеков.

 Аааа сосын режиссёр ретінде осы заманда қазақ кино өнеріне қосқан үлесі үшін Ақан Сатаевты құрметтеймін.

Анардың осы сұраққа жауабы маған қатты ұнады, сондықтан, міне: Өз ісінің шебері, аз сөйлеп көп іс тындыратын, өнер дегенді жете түсінетін, қазаққа жаны ашитын, бірақ бос ұлтшылдықпен кеудесін ұра бермейтін, халқына пайдалы іс тындыратын, түсінігі мол, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар менің кумирлерім.

9. Сүйікті спорт түрі?

Үлкен теннис ұнайды. Футболды көрген ғана ұнайды. Сосын түрлі олимпиадаларда қазақ спортшылары шықса жанып кетем)))))

10. Сүйікті кино? 

"Менің атым-Қожа"

"Қыз Жібек"

 "Клик"

"Притворись моей женой"

"Паранормальное явление 3"

"Правила сьема: Метод Хитча"

"Форсаж 5"

"Такси 1,2,3,4"

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)

ЕРКЕК! "Әйел - мойын, еркек - бас" деген принципті ұнатам.

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

ӘЙЕЛ

13. Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Мәңгілікке болса бармас едім. Алматыдан басқа жерді қаламаймын мәңгілік тұруға.

 

Ал, танысқаныма қуаныштымын!!! 

2059 26
Рейтинг: +1

Автор: A. R. :))
Жазылған уақыты: 23 маусым 2012, 03:28
Пікірлер
+0
23 маусым 2012, 11:12

"12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс? ӘЙЕЛ" :lol: :lol: :lol: Жарайсың!

+0
23 маусым 2012, 14:45

:D

+0
23 маусым 2012, 11:55

Жарайсың) ҚазҰУға түсуіңе тілектеспін... Қалжыңбас екенсің.)) Жауаптарың ұнады. Танысқаныма қуаныштымын :)

+0
23 маусым 2012, 14:46

Рахмет)))Мен де!

+0
23 маусым 2012, 12:35

филологияға түс...мұнда мықты оқытушылар бар...менде басында журфакка түсе алмағам...енді қазір қуанам

+0
23 маусым 2012, 14:46

Иә, рахмет!

+0
23 маусым 2012, 23:34

мен де де журфак деп келіп, филфакқа түскем, мен де өкінбеймін мүлде :D

+0
23 маусым 2012, 15:21

Форсаж үнайды депсің, Такси ше?

+0
23 маусым 2012, 16:33

аа иә ұмытып кетіппін Такси 1,2,3,4. :)

+0
23 маусым 2012, 18:55

Қуаныштымын сен туралы жақынырақ білгеніме!!!ҚазҰУ-ға кел.Мен бірақ химфактамын. Ато филологияны майын тамызып тұрып мақтар едім!!!Кел, сабақтан бос кезде Қағанатқа бірге барып тұрамыз :D

+0
23 маусым 2012, 21:29

:lol: иәә

+0
23 маусым 2012, 19:11

Нуртай ага менiмде кумирiм. Оте катты сыйлаймын,мейiрiмдiлiгi ушiн

+0
23 маусым 2012, 19:33

Қалаған оқу орныңа түсіп кетуіңе тілектеспін. Сенің темпераментіңнен өзімнің жас кезімді көремін. Бірақ КазГУ-ге түсу арманымнан неге екенін бас тартқам.

+0
23 маусым 2012, 21:30

:) рахмет тілегіңізге

+0
23 маусым 2012, 21:50

есімің өте әдемі екен! Сосын мақтанышың да :D

+0
23 маусым 2012, 22:35

:D рахмет!!!

+0
23 маусым 2012, 22:35

Сәттілік тілеймін) Мен де ҚазҰУ-ға барғым келеді. Келесі жылы ҰБТ, бұйыртқанын көрермін. :(

+0
23 маусым 2012, 22:36

Әмин! Ой ҰБТдан қорқудың қажеті жоқ. Дым қызық емес :D

+0
23 маусым 2012, 23:31

аа болды ғо онда)) мен қызық бірнәрселер болп қалып, не удобный положенияда қалып қоям ба деп уайымдап жүр едім)))

+0
24 маусым 2012, 21:20

"Точнее" деген сөздің қазақшасын білмесең мә журналист шығады сене! Өз тіліңді ұүрметте алдымен.

+0
24 маусым 2012, 22:29

Looser!

+0
24 маусым 2012, 23:22

:D

+0
24 маусым 2012, 23:23

"мә" деген қандай екен а? аға боп жазған түріңіз осы ма? сізден де жақсы адам шықпас қарындасына сөйтіп жазған!!! қазақшасын білмегеннен емес, солай жазғым келгесін жаздым.

+0
25 маусым 2012, 08:55

Әй әй қазақтар көреалмаушылық па тағы да???

+0
25 маусым 2012, 22:35

:)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев