11 қаңтар - рахмет күні

11 қаңтар - рахмет күні
жеке
блог

11 қаңтарды жылдағы ең сыпайы күн десе болады. Бүгін Халықаралық "Рахмет" күні. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Көптеген туристтік жолсілтемелерде рахмет сөзін ерекше көрсетіп, тіпті, оны сол тілге тән акцентпен айтылуын ерекше атап өтеді. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Орыстың "спасибо" сөзі 16 ғасырда  «спаси Бог» дегеннен шыққан екен. Ағылшындардың  «Тhank you» тіркесі де жай алғыс айту сөздері ғана емес екен. Осыған қарап, қай тілде болмасын, рахмет сөзі әр халықтың тіл мәдениетінде үлкен орын алатыны көрінеді. Психологтардың айтуы бойынша, алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын...

Айтпақшы, РАХМЕТ!!!