БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ҚЫР-СЫРЛАРЫ АШЫЛДЫ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ҚЫР-СЫРЛАРЫ АШЫЛДЫ
жеке
блог

Дельфий ойындары – талантты жастарды насихаттау, мәдени әлеуетті сақтап, дамыту, мәдениет пен өнердің озық үлгілерінде тәрбиелеу, жастар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейлерін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

Бүгін Алматы Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен "Керемет" коворкинг орталығында Дельфий ойындары аясында суретші, 5200-ден аса портрет авторы, Халықаралық жəне Республикалық конкурстардың лауреаты - Мəулен Көпбаевтан шеберлік сынып өтті.

Шеберлік сынып барысында Мəулен Есенболатұлы өзінің көпжылдық тəжірибиесімен бөлісіп, сурет өнерінің қыр-сырымен таныстырды. Сурет салудағы аса мән берер тұстар мен қателіктер жібермеудің тәсілдерін үйретті.

Шеберлік сынып соңында спикерге алғыс хат табысталып, қатысушыларға сертификат берілді.