Месси тағы бір рекорд орнатты

Месси тағы бір рекорд орнатты
жеке
блог

«Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси 2017-18 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Еуропаның үздік сұрмергені атанып, «Алтын бутсыны» жеңіп алды. Аргентиналық ойыншы гол мен нәтижелі пасты қоса есептегенде 68 ұпай жинады. Екінші орынға 64 ұпаймен «Ливерпульдің» сапында өнер көрсететін Мұхамед Салах орналасты. Үздік үштікті «Тоттенхэм» шабуылшысы Харри Кейн (60) түйіндеді. Осылайша, аргентикалық шабуылшы 5 рет "Алтын бутсыны" иеленіп, жаңа рекордты орнатты.