ҚазҰУ тағы да бірінші!
жеке
блог

ҚазҰУ тағы да бірінші!

Акредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) зерттеуімен жүзеге асқан ҚР-ның ЖОО-ларының рейтингісін жасау мақсатындағы кезекті бақылауда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті өзінің, еліміздің жетекші ЖОО-сы екендігін тағы бір мәрте ділелдеді. ҚазҰУ-дың артынан құрметті екінші орынға Л.Н.Гумилиев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті және үшінші орында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті жайғасты.

Айта кету керек, АРТА жасаған Ұлттық рейтингке лайықтылық тұрғысынан бағалануға еліміздің 75 ЖОО-сы өтініш беріп, оның тек 58-і, яғни 6 Ұлттық Университет, 21 Мемлекеттік Университет, 7 акционерлік, 24 жеке меншік оқу ордасы ғана қатыса алды.

Меніңше, қара шаңырақ ҚазҰУ-дың жетекші орында жайғасуы - табиғи құбылыс. Себебі, әлемнің ең мықты 250 ЖОО-сының қатарына елімізден енген жалғыз білім ордасы - ҚазҰУ. Оған қоса, биыл БҰҰ аясындағы шараларға белсене қатысу мен Университетімнің Орта Азиядағы "төрт жұлдызды Жоғарғы оқу ордасы атануы" да өзінің зор ықпалын тигізді.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің 1-курс студенті Ниязова Асылжан

Куратор-эдвайзер: Нұртәліп Шәріпқазы