Бүгінгі сабақ немесе жай ғана менің шашыраңқы ойым

Бүгінгі сабақ немесе жай ғана менің шашыраңқы ойым
жеке
блог

Елбасымыздың жолдауы халыққа жол тартқалы бері барлық жерлерде «Рухани жаңғырудың» шаралары толассыз өткізіліп жатыр. Әрине ондай отырыстардың көшін бастайтындар кімдер, студенттер. Сабаққа әзер шыдап жүрген  бізге Рухани жаңғырудың септігі жақсы тиіп жатыр: 1пар сабағымыздың болар-болмасына жетпей университетіміздің ұйымдастырушы немесе басты оқу ғимараттарына қарай жол тартамыз. Бірақ шынымды айтсам қанша жерден қақылдап жолдаудың әр тармағын бізге түсіндіруге тырсысқандарымен «ұғып алайын, біліп алайын» деп шын көңілдерімен  тыңдаушылардан гөрі көздері іскенше түні бойы сериал не болмаса футбол көріп  үйде қанбай қалған ұйқыларын осындай ресми жиындарда қандырып алуға тырысатындарды жиі кезіктірдім. Бәріне бірдей күйе жақпаймын және өзімді де сүттен ақпын демеймін, өйткені бұл туралы жаттанды, жасанды, тым ресми,  интернеттен көшіріліп алынған лекцияларды мың рет тыңдай беруден менің де құлағым жебір болған. Көп жастардың бұндайларға бей-жай, салғырт қарайтындарының себебі насихаттың дұрыс болмауы деп ойлаймын. Шынымен де 2сағат уақытынды алып, сабақтан босатқандағы көрсеткендерінің барлығы - ғаламтордың бірінші бетінде тұрған мәліметтер. Онымен қоса жазып алған баяндамаларынан көздерін алмай оқып беретіндерді, өз ойларынан бір шылауды да артық қосып айта алмайтындарды, сөзін дәмболсын* деп қазақша бастап ары қарай аудиторияның көбісі қазақтар екеніне қарамастан  орысша жалғастыра беретін қазақтарды, сөз қадірін құртып, интрига жасау үшін бе әлде біздерді ұялту үшін бе белгісіз әйтеуір  докладтарын шұбартып ана тілімізде оқитын орыстарды көргенде шынымен де қарнын ашады, не жыларынды, не күлерінді білмей ұйқын келмесе де ұйықтап кетейінші деп отырасын.

 Бүгін тағы да сондай бір шаралардың құрметті қонақтары* болып қайттық. Басында «Қасым Қайсеновтың 100жылдығына арналған» деп айтып еді, алайда даңқты батырымыз жайлы 1-2сөйлем ғана естідік те ары қарай тағы да Рухани жаңғырып кеттік. Бір түсінгенім мұғалімдер онда кімдерді шақырғандарын да білмейді екен. «Өтті» деп отчет беру үшін 1-2фоталарына түсуге оқушы керектін кебі болды-ау деймін, әйтеуір өншең қазақ балаларына орыс тәте доклад жасады. Оның айтқандарын түснуін түсіндік, алайда  сұрақ қойған кезінде бәріміз тілімізді байлап қалдық. Сөйтіп ол мұғалім де, біз де біртүрлі болдық та қалдық. Қайтарда колледжден бізді әкелген мұғалімдерге оқушыларың  түк білмейді екен дегендей бірденелер айтып жатқанын құлағымыз шалып қалды. Әрине, егер қазақ тілінде өткен болса бар білгенімізді айтып, ойымызды ортаға салар едік. Алайда, 21ғасыр – өңшең полиглоттардың заманында өмір сүріп жатқандықта орысша білмейтінімізге ешкім сене қоймас. Бірақ, кәмелеттік жасына дейін ауылда білім алып, тек қазақша сөйлеп үйренгендер үшін орысша тіл сындыру қиыңның қиыңы екені рас.

 

Жанағы орыс тәтеміз оқитынын оқып жатыр. Әдеттегідей біреулер ұйықтап, біреулер телефонда отыр, ал енді біреулер өздері осында, ойлары далада болып думкаға кіріп кеткен. Мен де бос отырмай ой бөлетін ермек тауып алдым өзіме. Ол – оператор ағай. Біз отырған 1жарым сағатта шынымды айтсам мен операторлардың жұмыстары өте қиың екенін ғана түсіндім, басқа ештене де емес. Байғұстың камерасы өзінен үлкен, салмағы қанша екені белгісіз тіреуішіне тіптен сөз жоқ: бір сирағын түзесен, екіншісі қисаяды. Фильм, кино түсіргенде тым болмаса актерлер біледі ғой оператордың барын, ал бұнда актерлер, яғни біздер, өзге де студенттер, мұғалімдер көздеріне де ілмеді оны. Ал ол болса жақсы кадр шығару үшін біресе залдың басына барады, біресе аяғына барады, енді бірде  көрерменнің шырқын бұзып дәл ортаға келіп тұрып алмасы бар ма. Кейбіреуі «не экранды  жауып тұр, ары тұрмай ма?» деп сөзбен тиіскеледі. Оған да жақсы дейсіз бе дәл біреудің алдына барып тұрып алған, алайда жұмыстың аты жұмыс. Қажет болса шкафтың үстіне шығып алып түсірулері керек. Оған қоса жанағы мұғалімімізді кадрға алайын десе ол да камерадан қорқа ма, әйтеуір бір орнында тұрмады: біресе тұрып, біресе жүріп, біресе отырып түсіндірді. Ақыры ыза болғаннан оператор ағайымыз «біраз сол жерде тұра тұрыңызшы түсіріп алайын» деп айтып жіберді. Сөйтіп мұғалімі бар бір-екі көріністі түсіріп болып залдағы оқушыларға қарай камерасын бұрды. Біреуі ұйықтап, біреуі телефон шұқылап, біреуі наушникті құлаққа тығып алып кайф ұстап отырған көріністі не түсірерін, не түсірмесін білмей қалды  ағайымыз. Қайткенмен де ресми іс-шара болған соң жоғарғы жақтағылаға беретін есептері де соған сай болуы керек қой. Ал ол шараның қалай өткені, не айтылғаны, қандай түйін жасалғаны барлығы-барлығы оператордың камерасы арқылы  жеткізілетінін ескерсек бұл жердегі басты адам бізге жанталаса тақырыпты түсіндіріп жатқан  мұғалім емес оператор болып тұр.

Картинки по запросу операторТағы да жақсы-жақсы, лайықты деген 1-2кадр жасау үшін оператор ағайымызға бізге ескерту жасауға тура келді. Жарайды, бәрі бағанағы ермектерін тастады, ұйқыларынан тұрды. Ендігі  көздері слайд көрсетіліп жатқан тақтада емес, оператордың камерасында. Құдды бір фотоға түскелі жатқан адамдарша қатып қалғанбыз. Ағайдың да жүйкесі жұқарды-ау деймін терең күрсінді де, тисе терекке тимесе бұтаққа деп  біздерді біраз түсірді де есік жаққа беттеді. Сол тұста тұрған кітап сөресінен кітаптарды, тағы да шкафта тізілген мүсіншелерді түсірді, бір кезде камерасын тіреуіштен алды да басына қойып алып, бойын барынша созды, төбеден түсіргісі келді-ау. Бағанадан ойын бөлмеуге тырысып зырылдап сөзін сөйлеп жатқан мұғалімнің де назары ендігі операторға ауысты. Қысқасы ол кісі сахнадағы әртісше бәріміздің де көзімізге түсті. Ақыры, Бұл қылығымызға қынжылды ма екен, залдан шығып кетті де қалды. Барлығымыз бос қалған сахнаға қарап отырып қалыппыз. Мұғаліміміздің жалықтырғыш лекциясы  жай ғана фанфардың рөлін сомдап тұр.  Бір кезде камерасын сүйретіп  басқа бір оператор кіріп келді. Бәріміз Қайрат Нұрстасты көргендей қуанып қалдық. Ал ол болса ештене түсінер емес, әдеттегідей камерасын сайлап жұмысын жасап кетті...