Отырарлықтар мерекені кең көлемде атап өтті
жеке
блог

Отырарлықтар мерекені кең көлемде атап өтті

Республика бойынша  атап өтіп жатқан «1-мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесін Отырар ауданы «Біз-Қазақстанның біртұтас халқымыз» атауымен кең көлемде тойлады.


Айтулы мереке елімізді мекендеген сан ұлттар мен ұлыстардың ұлттық билерінен құрылған композициямен бастау алып, аудан әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы мен мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов арнайы құттықтау сөзбен ашып берді.


«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді» - деп, дана халқымыз текке айтпаған. Тәуелсіз Қазақстан халқы кезекті бірлік пен ынтымақтың мерекесін тойламақ. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығымен тұспа-тұс келген мереке - елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталуда. Бұл үрдіс ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді де» - деді аудан басшысы Е.Айтаханов.


Шарада С.Жиренбай әуелеткен «Сарыарқа» әнінен соң шәуілдірліктердің ұранына айналған «Шалқыған Шәуілдір» әні хормен орындалып, жұртшылық көңіліне серпіліс сыйлады.


Сондай-ақ, аудан әкімі аппараты бастаған дербес бөлімдер мен мекемелер, мектептер мен балабақша ұжымдарынан құралған 2000-ға жуық қызметкерлер алаңнан мерекелік шеру жасап өтті.

Ресми шарадан соң жиын концерттік бағдарлама мен спорттық ойындарға ұласты.

 
М.Сабыр