"Балапан" арнасы "Көне құмыраның сыры" анимациялық фильмін көрсетуде

"Балапан" арнасы "Көне құмыраның сыры" анимациялық фильмін көрсетуде
жеке
блог
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында  «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - дегені белгілі.
 Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи деректерге толы бірнеше сапалы анимациялық фильмдер жарыққа шықты. Тарихи шежіреге бай өңіріміздің әрбір аудан, қаласының топырағы мен тасы көненің келбетін бүгінге жеткізіп, аңыз бен ақиқатты аңғартса, жәдігер ретінде сыр шерткен мекендерді ұрпақ санасына сіңіріп, ой түкпіріне кірпіш етіп қалау бүгінгі күннің басты парызы. Облысымызда жасалған төл туындыларды таныту, патриоттық сезімді ояту, анимациялық кино саласы арқылы насихаттау мақсатында барлық аудан, қалада арнайы кино апталығы өтіп, оқушылар мен балабақша бүлдіршіндері қызыға тамашалаған болатын. Әсіресе, ата-аналар қызықты көрсетілімдерді телеарналарда көрсетілсе деген ұсыныстарын да жеткізді.
Өңіріміздегі киелі, қасиетті жерлерді таныту бағытында алғашқы болып кино саласына баса назар аударған Отырар ауданы әкімдігі «Көне құмыраның сыры» және «Отырар дастаны» анимациялық фильмдерін жарыққа шығарып, облыстық "Туған жер -алтын бесігім" өнер фестивалінде тұсауын кесіп, бүгінге дейін аталған туындыларды балалар сахна мен әлеуметтік желілерде тамашалап келсе,  жуырда ғана «БАЛАПАН» телеарнасының қолдауымен арна эфирінде  республика жұртшылығы назарына ұсынылды.
Бұл тұста телеарна басшылығы мен ұжымына ерекше  алғысымызды білдіреміз.  Көгілдір арнаның бала тәрбиесі үшін ең маңызды құралы екенін жеткізе келе, арна көрсетілімі тарихи танымды дүниелерден толастамасын. Шығармашылықтарыңыз жемісті болсын!
 
М. САБЫР