ҰБТ- ға ДЕЙІН 69 КҮН ҚАЛДЫ!

                         ҰБТ- ға ДЕЙІН 69 КҮН ҚАЛДЫ!
жеке
блог

Сәлем, массагет! Міне, бүгін тағы бір таңымыз атты, шүкір! Әр күн – жаңа мүмкіндіктер мен мақсаттардың бастамасы. Әсіресе, биылғы мектеп түлектері үшін ауыр да азапты, сан түрлі ойлар мен қорқыныш, қобалжу сезімдерінің ұлғайып келе жатқанын бар жан-тәніммен түсінемін! Таңдарымды ұйқысыз қарсы алуымның себебі – арман аралының шекарасын асып, мақсат мекеніне жету! Ұлттық бірыңғай тестілеуге 69 күн қалды! Ұбт-ға екі ай қалғанда тестте жасалған өзгертулердің құрбанына айналғандардың бірі – мен болғандықтан, дайындығымды еселей бастадым! Осыдан түйген ойым: мақсатқа жететін тым оңай жол жоқ екен, шын мәнінде арманы мен мақсатына талпынатын адамның алдынан сандарлы тосқауылдар мен кедергілер шығады, ал оны жеңу - өз қолымызда! Өзім қатарлы түлектер, сіздерге 69 күнді араға салып, жақындағалы тұрған Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары балл алып, қалаған мамандықтың грантын иеленіп, одан әрі мықты маман болуларыңызға тілектеспін! Дайындық – шыңның шыңы!