Өзге емес, өзім айтам өз жайымда (Ұшқын)

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда (Ұшқын)
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет:

Қаңбақ Шал!!!. Ия,ия ОН.КЗ шулатқан Қаңбақ Шал!!! Тұратын жері белгісіз блогшымын. Әйтеуір, ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледіҒаламторда Қаңбақ Шал деген никпен жүрем, реалда мені көбіне Шал, Шалеке деп жатады. Армандардың орындалатынына сенемін. Бала кезім тағдырдың тосын сыйларына толы болғандықтан, қиындықтарды оңай қабылдаймын. 

2. Хоббиің не?

1) Шет ел ақшаларын және өзіміздің ерекше стильдегі төл теңгелерімізді жинағанды ұнатамын.

2) үйде ешкім жоқта, есік-терезені қымтап тастап, бар дауысыммен өлең айтамын ))) (қазақша)

3) психологиялық кітаптар оқимын.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

7-ші мұхитқа....ой....материкке!!!

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Мейіргүл Ұшқынның ж...ті болғым келеді))))))))))))))). Оның ваннада жатып өлім туралы ойламауын қалаймын)))

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

"Жерге егін екпеген - жерге өкпелемесін,

Елге қызмет етпеген - елге өкпелемесін!!!

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

Сол бірінші сүйісуді Ұшкынға сақтап отырмын)))))))))

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Бір автобуста кездескен Бейтаныс ҚЫЗ-ды!!! (сілтеме мында)

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Менің сүйікті блоггерім мында.

9. Сүйікті спорт түрі?

Бадминтонға қатты қызығып жүрмін.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

Джеки Чанның барлық комедиялық фильмдері.

11. Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

"Еркек - бас, әйел - мойын".

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Ортақ ұстаулары қажет деп ойлаймын. 

"Қыздарға бұрынғыдай біртекті емес, бірнеше бағытты (намазға жығылудан бастап ашық сексуалдылыққа дейін) ұсынып отырған түрлі заман ұсыныстарына қатысты ойың қандай? Болашақта арты не болады деп ойлайсың?"

Хиджаб киюге қарсы емеспін, өйткені олар ашық-шышық киінетін қыздардан миллиард есе артық деп ойлаймын. Ал, ұятты жерлерін ашқан қыздарды көрсем, еркек басыммен өзімнің құсқым келіп кетеді. Аллах Тағала бәрімізге иман берсін. Ал "Өзің кимейсің ғой қазақ киімдерін" дейтіндерге жауабым - заман ағымына сай, жинақы киіну керек деп есептеймін. 

13. Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:

20 жыл өтсе де, әлі күнге шейін ҚАЗАҚ тілінің жағдайы мүшкіл, ал премьер-министр 2011 жылы қазақстандықтардың барлығы 2020 жылы қазақ тілінде сөйлейді деп уәде берген еді, бірақ шыны-керек ештеңе, ешқандай жылжу, жаңа заң, қазақ тілінің статусын көтеретін прогресс білінбейді. Сұрақ: сонда ҚАЗАҚ қашан өз ана тілінде сөйлейді??????????????????? Бұл үшін мемлекет қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз????????????????????

 

                                                    Сурет http://massaget.kz/blog/1407 алынды.(Пайнтпен бірбәлеғып өңделді)))))))))))))))))