Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жаһан жаналғышы немесе Тұқымыңды тұздай құртатын конвейер туралы шындық

Жаһан жаналғышы немесе Тұқымыңды тұздай құртатын конвейер туралы шындық

Жаһан жаналғышы  немесе  Тұқымыңды тұздай құртатын конвейер туралы шындық

Жаhан жаналғышы

немесе тұқымыңды тұздай құртатын конвейер туралы шындық


Құрметті отандастар! Бұл мақаланы оқыған соң, сіздер ішімдіктің, шылымның, есірткінің адам денсаулығына, жанұяға, қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін, тұтастай халықтарды құртатын осынау жүйені кім жасап, іске қосқандығын білетін боласыз. Қазір осы қара күштердің басты соққысы жастарға бағытталып, бұл үшін қомақты қаржы бөлінуде.

Өз перзентін құтқару әрбір ата-ананың парызы екенін ескерсек, бұл мақаланы үйде, мектепте оқытып, қолдан-қолға таратып, бір-бірімізге жеткізуге тиіспіз.
Елдегі барлық процестер бүкпесіз көрінетін бұл құпия материал біздер үшін үлкен олжа болды. Бұл – ОББ және АҚШ-тың саяси барлау жүйесінің бұрынғы директоры Ален Даллестің 1945 жылы «КСРО-ға қарсы күрестің американдық доктринасы» атты нұсқауы болатын. Онда былай делінген:
«Көп ұзамай соғыс аяқталады. Сөйтіп дүниедегі барлық бүлінген нәрсе қайта қалпына келген кезде, біз бар қаржымыз бен материалдық күшімізді адамдарды ақымақ қылуға, ақылынан адастыруға жұмсаймыз. Адамның миы мен танымы өзгеруге бейім. Ол жерге берекетсіздік орнатып, өзгелердің құндылықтарын жалған құндылықтарға айырбастап, оларды соған сенуге мәжбүрлейміз. Қалай? Біз сол Ресей секілді елдердің өзінен біздің пікірлестеріміз бен одақтастарымызды табамыз. Соларды пайдалана отырып, жер бетіндегі ең қауіпті бәсекелесіміздің санын күрт кемітіп, ауқымы жағынан орасан зор трагедия жасаймыз. Әдебиет, театр, кино – барлығы да адам баласының ең бір опасыз қасиеттерін бейнелеп, насихаттайтын болады. Біз адамдардың санасына зорлық-зомбылықтың, төсек қатынасының, жауыздықтың, сатқындықтың, бір сөзбен айтқанда, азғындық культін уағыздап, бұлардың барлығын барынша қолдайтын боламыз.
Мемлекеттерді басқару саласында хаос пен былық тудырып, білдірмей, бірақ белсенді, әрі тұрақты түрде шенеуніктер мен парақорлардың, ұстанымсыздардың делқұлы әрекеттеріне жағдай жасап отырамыз. Шынайылық пен тәрбиелілік күлкіге ұшырап, ешкімге керек болмастан, ескіліктің қалдығына айналады. Арсыздық пен дөрекілік, өтірік пен алдау, маскүнемдік пен нашақорлық, сатқындық, әсіреұлтшылдық пен өзге халықтарды жек көрушілік дәріптелетін болады. Халықтың өте аз бөлігі ғана қоғамда не болып жатқанын сезгенімен, мұндай адамдар күлкіге тап болып, қудаланып, дәрменсіз жағдайда қалады. Оларды алдаудың, қоғамның артта қалған қалдығы деп жариялаудың амалдарын табамыз. Халық нәр алып отырған рухани тамырларға балта шауып, адамгершілік қағидаларының өзегін құртамыз.
Ұрпақтарды осылайша бірінен кейін бірін шатастырып, адамдарды бала немесе жасөспірім кезінен бұзып, оларды азғындыққа жетелеп, ірітіп-шірітіп, тоз-тозын шығарамыз. Сөйтіп жер бетінде біздің ғана үстемдігіміз орнайтын болады». Енді осы мақсаттардың астарына не жасырылып, қалай жүзеге асып жатыр, соған тоқталсақ.
Сонымен, бүгінгі мәселеге келер болсақ, қоғам үшін басты проблема – ішкілік, екінші орында – шылымқорлық, үшінші орында – бәріміздің де белгілі жағдайларға байланысты қатысымыз болатын есірткілік заттар тұр.
Бұрындары күн сайын теледидардан біздің балаларымызға ішімдік туралы «ертегі» көрсетіліп келді. Онда жаңа жылдық қуақының киімін киген, мұрны қолағаштай бір еркек – достарымен отырып үзіліссіз 2 ай 8 күн сыра ішеді. Сөйтіп, 8-наурыз күні жұмысына келсе, одан «Қайда болдың?» деп сұрайды. Ал ол болса, сыра іштім деп жауап береді. Еркектердің ойында ештеңе жоқ. Олар мас болғаны сонша, сыртта 8 наурыз тойланып жатқанынан бейхабар қалады. Мінекей осындай сарындағы жарнама Мәскеу телеарналарын толтырып тастады. Әрине, бұл кішкентай балаларға арналған ертегі. Өйткені, кез-келген ересек адам – егер адамды дәл осылай үзіліссіз екі ай бойы сырамен суғарса, сөзсіз өлетінін біледі. Осы жылдың өзінде жаңа жыл қарсаңында барлық дәуірлер мен халықтардың ұлы ертегішісі Эльдар Рязановтың ішімдік туралы үлкендерге арналған әйгілі «ертегісін» қатарынан 32 рет көрсетті. Бұл ертегі «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» деп аталады. Бұл ертегінің сюжеті де өте қарапайым. Жаңа жыл қарсаңында бір адам достарымен моншаға барады. Сол жерде есінен танғанша ішеді. Мас күйінде өзге қаладан, дәл өзінікі секілді пәтерден бір-ақ шығады. Бұған үстеме, сол фильмде мынадай сюжет бар. Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Кеңес киносының тарихында 35 жыл бұрын көгілдір экран алдында тұңғыш ірет шылым тартты. Сол жылдардан бастап барлық қыздар оған еліктеуге тырысты…
Енді мен сіздерге ертегі емес, бұлардың қалай даярланып, не мақсатпен таратылатыны туралы нағыз шындықты айтайын.
Ішімдіктердің барлығының құрамына этиль спиртінің алкоголі кіреді. Оның химиялық формуласы C2H5OH. Мұны біз орта мектепте өтеміз. Бірақ, өкінішке орай, балаларға сол мектепте осы алкогольдің кісі өлтіретін есірткілік у екендігі, егер оны бір мезетте 1 келі салмағына 8 грамм мөлшерінен асырып пайдаланса, осы удан адам өлетіндігін айтпаймыз. Айталық, салмағы 70 келі адамға 8 560 грамм таза спирт ішкізіп, айығуға мүмкіндік бермесе, ол адам көп ұзамай жан тапсырады. Бұл у – адамды наркоз жағдайына әкелетін есірткі болып табылады. Бірақ адамның наркоздық мөлшері 1 келіге 4-6 грам. 300 жылдан бері медицина алкогольді операция алдындағы есірткі ретінде пайдаланып келеді. Ұлы Отан соғысы кезінде Белоруссия ормандарындағы партизандарда ешқандай дәрі-дәрмек болмағанда, госпитальдағы операциялар кезінде самогонды есірткі орнына пайдаланды. Жаралыға 3 стакан самогон беріп, ол ауруды сезінуден қалған кезде кесіп, тігіп емдеу жұмыстарын жүргізе берген. Бірақ, 3 стаканнан артып, 4 стакан беріп жіберсе, өлімге әкеліп соқтыратын. Кейіннен медицинада алкогольді есірткі ретінде пайдаланудан бас тартылған себебі – оның есірткілік кеңістігі өте тар. Адам бір ішеді, ауырады, екі ішеді, ауырады, бірнешеуін тағы ішеді және еш ауырмай ажалды нәтижеге тез жетіп, ана дүниеге қалай аттанып кеткенін өзі де сезбей қалады. Өкінішіке орай, бізге алдын-ала жүргізілген сауалнама нәтижесінен белгілі болғандай, халықтың жартысынан астамына сыра, шарап, арақ сықылды у аса таңсық емес. Бірақ, бұлардың қалай дайындалатынынан хабардар адам аз екен. Сондықтан бұл туралы жақсылап баяндап берейік.
Ықылым замандардан бері адамдар алкоголь жасауды мынадай әдіспен үйренген. Бір ыдысты алып, ішіне дәрумендердің, ферменттердің, қанттардың су қоспасы болып табылатын адам үшін өте пайдалы жүзім шырынын құйып, сол шырынның ішіне ашытқы бактерияларын жібереді. Ал ашытқы – өте күшті тәттіқұмар болып келеді. Микроскоппен қараған адамға бактерия, оның көзі, аузы, қантты қалай жегені және арт жағындағы құйрығынан C2H5OH формулалы этиль спирті қалай бөлініп шыққаны анық көрінеді. Мұндай жағдайда алкоголь дегеніміз – ашытқы бактерияларының зәрі болып шығады. Содан, жаңағы бактериялар қантты жұтып-жұтып, зәр шығарып, өз зәріне өзі шомылады. Сөйтіп бөшкедегі зәрдің концентрациясы 11%-дан асқанда, бұлар да өзге тірі ағзалар секілді, өз зәрі мен нәжісіне тұншығып, қысыла бастайды. Егер осы быламықты сол сәтте бөтелкелерге құйса, бұл сұйықтық – құрғақ жай шарап деп аталады. Оны бізде кез-келген азық-түлік дүкенінен табуға болады. Ал егер екі жыл тұрып, арам қатқан өліктер шырынның қалдықтарына тек зәрін араластыра ұйыса, бұл быламық – құрғақ маркалы шарап деп аталады. Иә, түрлі ордендерді алып, көрмелерде озық деп танылатын, бағасы әлдеқайда қымбат, сіз бен бізге жақсы таныс шараптың түрі.
Өте көп адамдар, әсіресе қыздар, жас келіншектер, неге екені белгісіз, шампан сусынын ұнатады, бірақ оның да қалай жасалатынын білмейді. Ал мен білемін, білгендіктен қуана-қуана айтып беремін.
Мен Краснодардағы кеңестік шампан шарабының отаны Брау Дюрьсоға арнайы саяхатқа барғандармен әңгімелестім. Сөйтсе, шараптың бұл түрі былай жасалады екен. Арнайы алынған қалың қабырғалы жасыл бөтелкеге жүзімнің бір шоғының шырынын сығып құяды. Жүзімнің бес түрлі сортының (ең бастысы шампан) шырынынан сәйкестендіріп, құрғақ, жартылай құрғақ, тәтті, жартылай тәтті шампан шарабының бес сортын алады. Шырындарды құйып, ашытқыларды салып, арнайы ағаш тығынмен уақытша аузын бекітеді. Ол жерде тауда ұзын-ұзын жеркепелер қазылып, жеркепелердің қабырғаларынан бөтелкелерге арнайы тесіктер бұрғыланып, биылғы жаңа өнімдерді сол жеркепеге апарып, тесіктерге салып, есікті жауып, мөрлеп бекітеді. Жеркепедегі температура жыл бойы +14ºC болып тұрады. Бұл температура қыста да, жазда да өзгермейді. Енді 2 жыл бойы бұл бактериялар қараңғыда және тыныштықта тұрып қант өндіреді.
Сөйтіп екі жыл өтіп, бұл процесс соңына таяған шақта, шарапшылар бұл жеркепені ашып, ішіне прожектор жағып, өте күшті, көз қарықтырар жарық жағады. Мұндай жарықты күтпегендіктен және қорқыныштан бұл бактериялар іштері ауырып, жүректері жарылып өледі. Бірақ, өлместен бұрын олар қорыққанынан жел шығарып, бөтелкеге газ жібереді. Бірақ, неге екені белгісіз, ішушілер шампан шарабындағы осы газды жақсы бағалайды.
Бұған қоса бұл бактериялар қантты ғана емес, кез келген органикалық затты алкогольге айналдырады. Гидролиздік зауыттарда мұндай шараптарға өңделген ағаш ұнтақтары мен ашытқы салып, ашытқы жейтін ештеңе болмағандықтан ағаш ұнтағын жеп, зәр шығаратыны сондықтан. Тіпті, Высоцкийдің «Егер арақты ағаш ұнтағынан жасамаса, бізге үш, төрт, бес бөтелкеден тиер еді» деген әні де бар. Иә, шындығында да гидролиз арағы мен гидролиз спиртін ағаш ұнтағынан жасайды. Бұл бактериялардың күштілігі сондай, бұлар тіпті, кешіріңіздер, адам нәжісін де алкогольге айналдырады.
Сондықтан, достар, егер енді алдарыңа сол иісі бұрқыраған бір саптыаяқ шампан шарабы келіп, оның иісі мұрындарыңды жарып бара жатса, естеріңде болсын, бұл өліп бара жатқан бактерияның қоштасу сәлемі. Олар қорқыныштан сол шараптың ішіне жел жіберіп жатса, сізге сол желден мерекеңізге үлес келіп жатыр.


Адам ағзасында алкоголь бұзбайтын бір де бір мүше жоқ. Бірақ ең күшті өзгерістер бәрінен бұрын адамның ми жүйесінде болады. Өйткені дәл сол жерде адамның күллі қасиеттері жинақталады. Ішілген бір саптыаяқ сыра, бір стакан шарап немесе спирт болсын, оның құрамындағы заттар қанға сіңіп, қан айналым жүйесімен миға барып, ми жүйесінің қарқынды бұзылу процесі басталады. Бұл бұзылу процесінің механизмі өте қарапайым. 1961 жылы Найсли, Москоу және Пенинктон атты американдық үш оқымысты физик өздері жасаған микроскоппен адамның көзін бақылап отырады. Олар қарашық арқылы көз жанарындағы майда тамырлардағы торшаларға үңіліп, қырынан көмескі жарық бергенде, ғылым тарихында физиктерге адам жанарының тамырының ішіне үңілуге мүмкіндік туды. Олар тамырдың ішінде қан қалай жүріп жатқанын бақылады. Олар не көрген еді?..
Олар қан тамырының қабырғаларын, қызыл, ақ түсті қан денелерін көрді. Олардың бәрі өз беттерімен ағып жатты. Бәрі таспаға түсіріліп алынды. Дүйсенбілердің бірінде ғалымдар кезекті пациентін отырғызып, оның да көзін бақылап, таң қалғандықтан шалқаларынан түсе жаздады. Сөйтсе, әлгі қаралушының қанында ұйысқан, жабысқан эритроциттер мен қызыл қан денелері, тромбылар жүріп жатыр екен. Ғалымдар мұндай ұйыған қан түйіршіктерінің мыңға жуығын санады. Олар оны образды түрде «жүзім тікенектері» деп атады. Физиктердің зәресі ұшып кетсе, пациент ештеңе болмағандай қамсыз отыр. Сөйтіп, одан кейінгі екінші, үшінші пациентте бұл құбылыс байқалмаса, төртінші біреуінде бағанағы көрініс қайталанады. Жатып кеп зерттеп, мәселенің мәнісіне жетеді. Сөйтсе, әлгі екеуі физиктердің алдына келмес бұрын ішімдік ішкен екен. Сол арада физиктер жабайы тәжірибе жасауға бел буады. Келесі келген сау адамға бір саптыаяқ сыра ішкізген олар әлгінің қан тамырын бақылайды. Бар жоғы он бес минут уақыт өткеннен кейін әлгі сау адамның қан тамырларында эритроциттердің алкогольді желімдері жүгіре бастайды. Физиктер өздерінің ұлы ғылыми жаңалық ашқандарын сезеді. Олар алкогольдің тек пробирканың ішінде ғана емес, адам ағзасында-ақ қанды бұзатынын қолма-қол дәлелдеген болатын.
Айтпақшы, орта мектептің 9-сыныбында биология пәнінің мұғалімі сабақ үстінде біздерге алкогольдің адам қанына әсері туралы тәжірибені көрсетуі керек еді. Бұл тәжірибе өте қарапайым жасалады. Бір құты алынып, су құйылып, бірнеше тамшы қан тамызылады. Жарықтың фонында су ашық қызғылт сары түске енеді. Оның үстіне бірнеше тамшы арақ тамызса, қан көз алдыңда тұрып-ақ іртік-іртік болып, іріп кетеді. Бұдан шығар қорытынды – алкоголь пробиркада ғана емес, тамырда да қанды бұзып жібереді.
Қалай десек те физиктер медицина әдебиетіне еніп, медицина 300 жылдан бері алкогольді есірткілік, протоплазмалық у деп пәтуә беріп келгенін таң қала анықтады. Қанға түскенде ол эритроциттердің әлсіз кері зарядтарын алып бүлдіреді. Соның салдарынан эритроциттер бір-бірінен тебілудің орнына, жабысып қалады. Қолдағы, аяқтағы үлкен тамырлар үшін бұл жабысу қатты қауіп тудырмауы мүмкін. Майда тамырлар үшін бұл зор қауіп. Көп жылдардан бері арақ ішетін адамдардың мұрны мен бетінің түсі көкшіл-күлгін болады. Адамдардың мұрнында өте көп майда қан тамырлары болады. Көп ішетін адамдарда ол тамырлар бұтақталып, ол жерге эритроциттің алкогольді желімделгіші келгенде, ол оны өзіне жабыстырып алып, тамыр ісініп, жойылып, мұрын көкшіл-күлгін түске енетіні сондықтан.
Алкоголь қолданатын барлық адамдардың, тіпті емдік мақсатта қолданған баланың басында да жағдай бірдей болады. Адамның миы 15 млрд. жүйке жүйесі клеткасының нейрондарынан тұрады. Әрбір жүйке жүйесі клеткасының нейрондарын өз микрокапиллярлары қанмен қоректендіреді. Ол микрокапиллярлардың жіңішкелігі сондай, әлгі нейрон дұрыс қоректену үшін эритроциттер тек бір қатарға тізіліп қана өтеді. Егер микрокапиллярдың сол эритроциттер өтетін жеріне эритроциттің алкогольді желімделгіші келіп, ол оны бітесе, 7-9 минут өткен уақытта, ми клеткасының кезекті нейроны мәңгілікке келмеске кетеді. Жақсылап тойлаған әрбір ішістен соң адам миында жүйке жүйесі клеткасы нейрондарының тұтастай қабірханасы пайда болады. Дәрігерлер араққа тойып алып, машина астына түсіп қайтыс болған әрбір адамның бас сүйегін ашып қарағанда, бәрінің де миы жиырылып, кішірейіп, қатып қалғанын көреді. Кеуіп кеткен ми үйкеліп, көптеген бөлігі істен шығады. Мұнан өзге араққа уланып қайтыс болған алқаштардың миын ашып көрген дәрігерлер мидың қалай бұзылғанына емес, мұндай мимен адам қалай өмір сүргеніне таң қалады. Ендеше, алкоголь адам баласын ақылынан айыратын ең күшті қару деген қорытынды жасауға әбден болады. Ал егер, тұтастай халық ішіп кететін болса, бұл бүкіл халықты ақыл-есінен айыру, ақылды, ойшыл, дарынды адамдарды екі аяқты жұмысшы тобырға айналдыру деген сөз. Ал мұндай топ мүшелерінде тек: «Қалайда қожайынның айтқанын істеп, бұйрығын орындап, тапқан-таянғаныма арақ алып ішіп, бәрін тез ұмытсам», – деген бір-ақ мақсат болады. Ал мұндай адамның ақылы айуанмен теңдес екендігі бесенеден белгілі…
…Бір кездері алкогольдің кесірінен Америка құрлығындағы миллиондаған үндіс тайпалары құрып кетті. Қазір қалған-құтқан бөлігі соңғы күндерін тікенекті сымның ар жағында, резервацияда өткеріп жатыр. Резервация дегеніміз — үндістерді сақтайтын зообақ. Біз де бұдан сабақ алып, алкогольдің жаппай қырып-жоятын қару екендігін түсінуіміз керек. Мұның жеке адамды ғана емес, тұтас халықты жоятынын әлемдік биліктен дәмелі болғандардың бәрі біледі. Шындығында, біздің халықтың басты жауы болған Гитлер ақымақ емес. 1942 жылы ол жаулап алған территориясының шығыс бөлігіне басқыншылық саясатының жоспарын құрғанда өз нұсқауында бар болғаны: «Славяндардың тілін жойып, ыммен сөйлесетіндей жағдайға жеткізіп, ешқандай гигиена, ешқандай егуді пайдаландырмай, тек арақ пен темекіге әдеттендіру керек», — деген бір-ақ ауыз сөйлем жазды. Гитлер шылым мен ішімдіктің өзі жек көретін Шығыс Еуропа пен Орта Азия халықтарын екі-ақ ұрпақ ауысқанда ешқандай газ камерасынсыз, крематорийсіз жойып жіберетінін жақсы ұқты. Масондардың қылмыстық фашистік CC ұйымының базасында украин халқын құртып жіберудің толық жоспары жасалды. Бүкіл Украина басқыншылыққа тап болды. Бұл жоспар украиндықтарға арзан, тиын тұратын арақты кітапқа айырбастап сатуды көздеді. Сол үшін діни мазмұндағы кітаптар әкелген адамға кітаптың салмағындай мөлшерде арақ құйып беретін арнайы қабылдау бөлімшелері ашылды. Бірақ арақты берер алдында шарт қойылатын. Кітапты әкелген адам өзі әкелген кітабын жұрт көзінше отқа жағып барып, тиісті арағын алатын. Мұндай жағдайда СС-тіктер халықтың рухани байлығы болатын кітаптарын жойып, халықты ішімдік арқылы аздырып-тоздырып жіберуді мақсат тұтты.
Қазір біздің халқымыз да осындай геноцидті басынан кешіп отыр. Тәуелсіздік алған жылдары біздің қалалардағы барлық зауыт тоқтап, колхоздар құлап, қиратылғанда, шығаратын өнім көлемін бірнеше есеге арттырған кәсіпорындардың денін арақ-шарап, сыра шығаратын зауыттар құрады. Осылайша, Гитлердің сүйегі әлдеқашан қурап қалса да, оның жоспары жүз пайызға орындалып отырды…
Жақында орыс тілінде Джон Коллиманның «Комитет 300» атты кітабы жарық көрді. Джон Коллиман – британ барлау қызметінің полковник шеніндегі отыз жылдан бергі қызметкері. Барлау қызметінде істей жүріп ол іштей жаћандық процестерді басқарудың құпия механизмін зерттеп, осы кітабында ғаламдық процесстерді әлемнің ең бай 300 отбасылық кланы басқарып отыр деп қорытынды жасайды. Сөйтіп оларды «300-дің комитеті» деп атайды. Бұл 300 отбасы өзара қатал да құпия масондық қарым-қатынастармен байланысқан. Әлемдік саясатты солар айқындап, «Үлкен жетілік» елдерінен тұратын әлемдік үкімет қуыршақ секілді тұтастай солардың айтқанына көніп, айдауына жүреді.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары сол біз сөз етіп отырған «300-дің комитеті» өте маңызды ғылыми зерттеу жұмысына тапсырыс береді. Бұл жұмыс жүзеге асқанда, нәтижесі таңқаларлықтай болды. Зерттеу жұмыстары анықтағандай, жер бетіндегі табиғи ресурстар шектеулі. Үшінші мыңжылдықта оның қоры барлық адам баласының жақсы да жайлы өмір сүруіне жетпейді, бар болғаны бір миллиард адамды ғана асырай алады. Осыдан келіп, «300-дің комитеті» «Алтын миллиард» теориясын жасап шықты. Бұл теорияның тұжырымы бойынша 1970-2070 жылдар аралығында Жер бетіндегі адамдар саны бір миллиардтан аспауы керек. Қалған 5,5 миллиард адам сөзсіз құрбан болуға тиісті. Бақытты миллиардтың құрамына АҚШ, Канада, Батыс Еуропа, Израиль және Жапония секілді елдер тұрғындары енді. Ал біздер, Шығысеуропалықтар мен Ортаазиялықтар, бұл тізімде жоқпыз.
Ал енді мұндай қауіпті жағдайда не істейміз? Ішімдік, шылым, есірткі проблемасы туралы естіген сайын, біздің ел арқылы алып алкоголь астауы қалай өтіп бара жатқанын, сол астауға ес-түссіз есірген халықтың қалай өңмеңдей ұмтылып жатқанын анық көремін. Астаудың маңынан кімдерді байқайсыз? Әуелі, жақсы киініп, мерекелерде әлгі астаудан рюмкелеріне құйып ішетін «мәдениетті» адамдарды көруге болады. Бұлар «мәдениетті ішетіндер» деп аталады. Енді біреулері астаудан саптыаяқпен көсіп алып, сіміріп ішіп, шамасын білсе, тағы біреулері шелектеп ішкісі келеді. Бұларды ішкіштер дейміз. Ал ең соңғылары, астауға түсіп, батып ішкісі келеді. Бұлар – айтпаса да түсінікті, алқаштар. Ал енді мұндай жағдайда не істеу керек?
1972 жылы Кельч-Науч киностудиясы «Бір айлық торайлардың мінез-құлық әсерлері жетістіктері» атты деректі фильм түсірді. Ол фильмде он мегежіннің әрқайсысынан бір торайдан алып, оларды бөлек қашаға орналастырып, таспаға түсіре бастайды. Торайлар үш күн ілінісіп, таласып, үшінші күні өз бауырларынан адасқандықтан, табиғат аясындағыдай үйір құрып, өмір сүре бастады. Араларындағы ең ірісі әрі ақылдырағы үйір басшысы болып бөлініп шығып, одан кейінгілері де өз қабілетіне қарай ретімен орналасты. Сөйтіп бұлар топ болып өмір сүре бастады. Астаумен тамақ әкелінсе, бірінші топ басшысы, одан кейін екінші, үшінші, оныншы болып дәм татады. Сөйтіп жүргенде манағы астау толы тамаққа үш литр сыра құйып араластырып берілді. Бірінші болып үйір атаманы келіп сыра араластырған тамақты иіскеп көрді, бірдеңе ұнамаған сияқты. Иіскеп-иіскеп солға қарады, иіскеп-иіскеп оңға қарады да, сыра араласқан көжеге бас қойды. Оның артынан қалған торайлар да көжені иіскемей-ақ бас салды. Сыралы көжені соғып алысымен, әлгі торайларға желік бітіп, құтыра бастады. Ең кішісі шайнап тастамаққа үйір басшысына ұмтылса, үлкені кішісіне ұмтылды. Сөйтіп, сыраханалардағыдай топалаң төбелес басталды да кетті. Әбден төбелесіп, жан-жаққа қашқан торайлар бір-бірінен қорқып, дірілдеп бұрыш-бұрыштарға тығылды. Екі күн сыраның мастығы тарқамай жүріп, үшінші күн дегенде жараларын жалап, қайтадан үйірге бірікті. Екі күннен соң тәжірибе қайталанды. Сөйтіп, тамаққа қайтадан үш литр сыра құйылып, араластырып, торайлардың алдына қойылды. Топ басшысы астауға жақындап, иіскеп-иіскеп жан-жағына қарап, есіне бірдеңе түсіп, астауды төңкеріп тастады. Тәжірибе жасаушылар мұны кездейсоқтық па деп ойлап, тәжірибені қайталаған. Сөйтсе, сыра араластырған тамақты иіскесімен, басшы торай шынында да төңкеріп тастай береді екен. Көрдіңіз бе, мұндай астау алдына келгенде, жануар біткеннің ақымағы саналатын шошқаның бір айлық торайы не істеу керектігін біледі. Яғни, мұндай уға барлығы бірдей бөкпей тұрғанда төңкеріп тастау керек дейді. Ал кейде, біздің бағана жоғарыда сөз етіп кеткен, қолдарына рюмка мен саптыаяқ ұстаған «мәдениетті ішушілеріміздің» дәл сол бір айлық торай құрлы түйсігі жоқ па деп қаласың. Өйткені, мәдениетті түрде, мөлшермен ішкен арақтың пайдасы болмаса, зияны жоқ деп сол үшін қасық қаны қалмай күресетін солар ғой. Мұндай салыстыруымыз тым ауыр болды деп кейбір ағайындар өкпелей қоймас…
Баяғыда, Мұса пайғамбардың заманында оның қауымына қаһарланған Құдай Тағала Тұр тауына тілдеспекке келген Мұсаға «Сенің қауымың менің қаһарыма ұшырады. Енді оларды үш түрлі нәубет күтіп тұр. Бірі – топан су жіберем, екіншісі – жаппай қырылатын оба ауруын таратам, үшіншісі – ел ішінің бірлігін алып, алауыз қыламын. Қауымың осылардың ішінен қолай көргенін таңдасын,» – депті.
Көңілі құлазыған Құдайдың досы еліне келіп, Жаратушы Иенің сәлемін жеткізіпті. Қауым ішіндегі ақсақалдар мен көпті көрген данышпандар өзара ақылдаса келіп, «Топан су қаптаса, бәріміз бірдей жойылмаспыз. Тірі қалған бірлі-жарымымыз болса, өлгендерге дұға бағыштап, қайтадан өсіп-өнер. Оба келсе де бәріміз жер жастанбаспыз. Өйтіп-бүйтіп жан баққанымыз оңалып, қалпына келсе, біздерді де еске ала жүрер. Ал елге алауыздық келсе, бір-бірімізбен қырқысып, тірі қалғанымыздан тараған ұрпақ өле-өлгенше өзара жауласып, тоз-тоз болып кетерміз. Сондықтан, алауыздықтан өзге жазаның қай-қайсысын болсын таңдауға пейілдіміз», – дейді. Мұса болса, елінің таңдауын жеткізбекке Тұр тауына келеді. Құдай Тағала қауымның жауабынан хабардар болса да, ғибрат үшін жазаның қай түрін таңдағанын сұрайды. Мұса халқының алауыздықтан өзге қандай жазаны болса да қарсы алуға даяр екенін жеткізеді. Сонда Мұса қауымының жауабына разы болған Мейірімді Алла оның халқына ешқандай нәубет жібермейтінін айтып, қуантқан екен.
Тұқымыңды тұздай құртатын нәубеттің қай-қайсысы да ел басына оңай емес. Десе де, ішімдік, темекі, есірткіден тұратын жалғыз нәубет – Ұлық Алланың Мұса қауымына таңдауға ұсынған үш бірдей нәубетіне татитыны анық. Халықтың ақыл-ойын топан судай шайып, адам өмірін обадан әрмен жалмап, әке мен бала, аға мен іні арасындағы бірлікті оп-оңай алып, әп-сәтте бір-біріне жау қылып шығаратын бұл зұлмат – қазіргі таңда шын мәнісінде жаһан жаналғышы болып отырғаны рас. Сондықтан, ұрпағын оның қанды шеңгелінен құтқару – ел қамын ойлаған әрбір азаматтың борышы болмаққа керек.

6862 1
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 20 маусым 2012, 19:30
Тегтер: Жаһан жаналғышы немесе Тұқымыңды тұздай құртатын конвейер туралы шындық
Пікірлер
+0
21 маусым 2012, 11:25

керемет жазба, әрбір мұсылман осының бәрін оқып, оқып қана қоймай көңілдеріне нық тоқып алатын болса нұр үстіне нұр болар еді...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев