Көзқарасымды өзгерткен 4 дорама

Көзқарасымды өзгерткен 4 дорама
жеке
блог

         Сәлем, Массагет әлемі! Осында салынып отыратын күнделікті түрлі блогтар жетерлік.  Күнделікті кіріп отырамын. Байқағаным блогерлердің ізденістері, айтар ойы және жүйелілігі қуантады. Шыққан әрбір мақаланы оқып, өзіме керек деген кеңестерді алып отырамын. Шыны керек, уақыттың тым тапшы болуынан не жазарыңды да, білмейсің. Бір досыммен сұхбат барысында қызығушылығымыз туралы әңгіме қозғаған болатынбыз. Екеуміздің ұқсас тұстарымыз аз екен. Мен көбіне Оңтүстік Корея шығарған дорамаларды көрер болсам, ол керісінше америкалық кинофильмдерді ұнататын болып шықты.

         Таныстығымыздың шеңберін әрі қарай кеңейту мақсатында бір-біріміздің жазған мақалаларымызды оқып шыққан болатынмыз және оның өмірге деген көзқарасын өзгерткен фильмдерінің топтамасын көріп, оқып шықтым. Менің де көріп жүрген дүниелерім пайдалы. Олай дегенімнің себебі, мен көрсетілетін дорамалардың бәрін көре бермеймін. Көруімнің басты себебі, олар маған мотивациялық ой береді. Әр дорама аяқталған соң, өз күнделігіме не түйгендігім туралы түртіп отырамын. Ал сонымен маған ұнаған дорамалар топтамасы:

            Екі полицей/ Два копа/ Two cops

Жанры: комедия, детивтивтік іс, фантастика, романтика

Шыққан жылы: 2017-2018 жыл

Бөлімдері: 32/16

Уақыты: 30 минут/ 60 минут

Басты рөлдерде: Чо Джон Сок, Хери, Ким Сон Хо

            Қысқаша аңдатпа: Чо Дон Так атты полицей қызметкері өз ісіне адал, әділеттілікті жақтаушы адам. Оның жанындағы әріптесін құпия жағдайда өлтіріп кетеді. Сол сырды ашу, өмірлік мақсатына айналады. Күдіктенген Кон Су Чан атты алаяқпен бірігуге тура келеді. Бұл хикая қиял ғажайып, себебі полицей мен алаяқтың біріге жұмыс жасауы. Су Чан елеске айналып Дон Тактың денесіне өтіп кетіп көптеген қызықты оқиғаларды бастан кешеді. Осы қылмысты ашып, өз жұмысында жетістікке жету үшін, журналист Сон Джи Ан да араласады. Әрі қарай қызықсаңыз көруге кеңес беремін.

           Ал сол фильмнен өзіме жасаған түйінім: қандай істі қолға алсам да, оған жауаптылық таныту. Мүмкін, білмей жасаған қателігім болашақта алдымнан шығып, кедергі боларын ұқтым. Ең бастысы бойымда батылдық пен әділетті болу қасиеттерін арттыра түсуді бастадым.

 /userdata/uploads/u81282/1522747612_l.jpg

               Мен робот емеспін/ Я не робот/ I am not robot

Жанры: романтика, фантастика

Шыққан жылы: 2017 жыл

Бөлімі: 32 бөлім

Уақыты: 30 минут

Басты рөлдерде: Ю Сын Хо, Чхэ Су Бин

         Қысқаша аңдатпа: Ким Мин Гю атақты компанияның басшысы, сымбатты, ақылды, бай жігіт. Бірақ адамдардан бөлек өмір сүреді. Өйткені, адамдарға аллергиясы бар жан. Сол себепті 15 жыл бойы тек үйінде түрлі роботтар мен өмір сүріп келген. Бір күні жаңа робот сатып алады. Ол роботтың басқа роботтардан ерекшелігі адам секілді кейіпте болуы. Екеуінің басынан көптеген қызықты оқиғалар желісі орын алады. Қызықсаңыз тамашалаңыз. Көруге тұрарлық дорама.

        Менің бұл дорамадан түйген түйінім: Өтіріктің құйғыры бір-ақ тұтам. Көреалмаушылық ешқашан жетістікке жеткізбейді. Ғылым мен техниканың аясы біз білмейтін тұңғиық теңіз іспетті.

 

           Хваюги

Жылы: 2017-2018 жыл

Жанр: романтика, фантастика, комедия.

Бөлім: 20

Уақыты: 60 минут

Басты рөлдерде: Ли Сын Ги, Чха Сын Вон, О Ён Со

          Қысқаша аңдатпа: Бұл Қытайдың «Батысқа саяхат» атты романы желісінде түсірілген. Сізге фантастика жанры ұнаса осы дораманы көруге кеңес беремін. Басқа дорамалардан ерекшелігі елестердің, өлген адамдардың, шайтандардың болуында. Басты кейіпкер Сон О Гон 1000 жыл бойы түрмеде болады. Оны 12 жасар Самджан құтқарады. Сол кезде ол, оны қорғауға уәде береді. Сол күннен бастап Самджанның өмірі күрт өзгереді. Ал сізге айтарым адал махаббатың барына сенсеңіз көріңіз, өкінбейсіз. Бұл дорамадан алған ойым мынадай. Махаббат ұлы күш. Тағдырырымыз біз туылмастан анық болады. Тек сену керек. Ал өмірде орын алатын кейбір жағдайларды жеңе білуіміз тиіс. Бұл өмірде ешқашан да жауыздық жеңіске жетпейді. Жақысылық қай жерден шықса да жеңіске жетеді.

 

            Радио «Романтика»

Бөлім саны: 16

Уақыты: 60 минут

Жанры: комедия, мелодрама, романтика

Басты рөлдерде: Ким Со Хен, Юн Ду Джун

        Қысқаша аңдатпа:  Ең сүйікті дорамаларымның бірі. Себебі ол сценарист қыздың өмірінен өткен қызықты жағдайларды баяндайды. Сон Гы Рим атты ару радио да кіші сценаристтің қызметін атқарады. Түрлі тақырыптар да мақала жазады. Бірақ оның жұмысы ешқашан эфирден көрсетілген емес. Ал атақты Чи Су Хо атты жұлдыз келгенде радио жұмысы ілгері басады. Бұл дораманы көру арқылы радио өміріне енуіңізге болады.

         Сіз журналист боламын десеңіз міндетті түрде «Два копа» және «Радио романтика»-ны көруге кеңес беремін. Себебі, бұл дорамалар өмірге деген құлшынысыңызды еселеп, жаза түсуге деген өз септігін тигізері анық. Ал менің «режиссёр боламын» деген досыма «Смех и Вайкики» атты дораманы көруге ұсынар едім. Себебі ондағы басты кейіпкерлердің арманы мен сенің арманың бір бағытта.

       Мүмкін, «осындай корейдің фильмдеріне неге алтын уақытыңды бекер кетіріп жүрсің», дерсіздер. Бірақ, адам қашан да өзін қызықтыратын іске уақыт таба алады. Көруімдегі басты себеп: Олар мені шабыттандырады, өмірге деген көзқарасымды өзгертеді, өзіме сенімділігімді арттыру үшін мотивация береді. Көру құқығы өзіңізде. Ал менікі ұсыныс қана!