Тәтті

Тәтті
жеке
блог

 

Бірде тәтті десе жанын беретін баласы бар бір әйелге таныстары: «Бала4ды Ақшехірдегі Қожанасыр деген әулиеге алып бар. Мұның бір емін тапса сол табар»- деп ақыл беріпті. Содан әйел тәттіқұмар баласын сүйреп жолға шығып, Қожаның ауылына жетіпті де Қожекеңнің алдына келіп зарлап қоя беріпті:

-    Садағаң кетейін, Қожеке! Өзің бір амалын таппасаң, барар жер,
басар тауым қалмады. Шарламаған емші-домшым жоқ. Енді өзің бір
амалын қылып баламды тәттіден тыйып бер — дейді. Әйелдің арызын
мұқият тыңдап алған Қожа оған:

-    Сендер маған енді, бір айдан кейін келсеңдер өте жөн болар еді-
дейді. Әйел  Қожекеңнің айтқанын орындап ауылына қайтады да,
араға ай салып, баласын жетектеп қайта келіп тұрады.  Бұл жолы
Қожанасыр баланы қасына шақырып алып, тап бір естияр адамға
айтқандай етіп:

-    Балам, сен тәттіге   құмартпа. Ол сенің денсаулығыңа, болашағыңа
көп зиян етеді,- дейді де әйелге қарап: -Ал енді боссыңдар, қайта
беріңдер — дейді. Қожекеңнің мұнысына күйіп кеткен әйел бажылдап
қоя береді:

-    Бір ай бойына сандалтқандағы емің осы ма? Бұл сөзіңізді керілмей-
ақ  өткен  жолы  келген  сапарымызда  неғып  айтпадыңыз?-  дейді
ренжіп. Бүған Қожа саспастан:

-        Ол жолы менің өзім тәтті десе өлуші едім.  Өзім істемейтін ақыл-
кеңесім балаңа енбес еді. Сендер келіп кеткен бір айдың ішінде мен өз
нәпсімді ауыздықтап, тәттіден тиылдым. Енді балаңа айтқан сөзім ем
болып,
тәттіден   тыйылады, иншаалла!- деп шығарып салыпты.

(Шәкәрім осыған үндес:

Сыртқы сөзің шын болса,

Ішің толган жын болса, Журегіңде мін болса,

Айтқан сөзің ем емес!)